Ұлттық рухты әскери символға қалай сыйғызамыз?!

Ұлттық рухты әскери символға қалай сыйғызамыз?!

 

Жапонның самурайлары, еуропалықтардың рыцарьлары, үнділердің кшатрийлері сияқты батырлық салтпен өмір сүрген Шалкиіз бабамыздың «Күлікке тастай болып тимесе, Үстіме көбе кимен-ді! Күмістен екі қолтық жоқ болса, сыпайшылық сүрмен-ді! Дулығамның төбесі, Туған айдай болмаса, Батыршылық сүрмен-ді!», Ақтамберді жыраудың «Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екенбiз. Жалаулы найза жанға алып, Жау қашырар ма екенбiз!» деген жебе-жырларына һәм кеудеге рух ұялатар символикалық нышандарына бүгінгі тәуелсіз елдің сарбазы сусап-ақ тұр.

Қазақ бүлдіршіндерін бесігінен-ақ ержүректікке, батырлыққа баулитын ұлттың бірден-бір мәдени-рухани коды – «Батырлар жыры» еді. Сол «Батырлар жырынан» қол үзіп қалғандықтан ба, жеткіншектер алдына әскерге бару деген асқақ арман қоймайтын болды, өйткені құрыштай шынықтыруға тиісті армия ерліктің ұстаханасы миссиясын жоғалтып алғандай. Бүгінгі күні Қарулы Күштеріміздің кәсібилігі мен айбарын асқақтату үшін сақ, ғұн, Түрік қағанаты, Шыңғыс хан, Алтын орда империяларын құрған баһадүр бабаларымыздың әскери салты мен ерлік шежіресін паш ететін символдық рәміздерін заманауи тұрғыдан қайта жаңғырту кезек күттірмейтін мәселе. Олай дейтініміз, бес қаруы сай, озық үлгіде жарақтанған әскерде рух болмаса, дұшпанға қылған қанша қайлаңнан қайыр болмайтынын әлемдік соғыс тәжірибесі сан мәрте дәлелдеп берген. Тарихта империя болған мемлекеттер әскерін тарихи рәміздермен, әйгілі қолбасшыларының даңқты дәстүрімен, тіпті дінбасыларының жолымен қанаттандырып, рухын жанып отырады. Көзсіз батырлығы үшін берілетін жоғары наградалар, орден-медальдар, әскери оқу орындары баһадүрлерінің есімімен аталады.

Мәселен, Италияда Үлкен крест әскери ордені, Ұлы офицер әскери ордені, Ресейде Әулие апостол Андрей Первозванный жұлдызды ордені, І дәрежелі қасиетті Георгий жұлдызды ордені, Жуков ордені, Қаһармандық ордені, Кутузов ордені, Ушаков ордені, Александр Невский ордені, Нахимов орденін айтуға болады. Қасиетті Иоанн ордені Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жаңа Зеландия елдеріне ортақ награда екен. Польшада қасиетті Станислав ордені ерлікпен көзге түскендерге табыс етіледі. Оны былай қойғанда, көрші Ресейдегі Ұлы Петр атындағы стратегиялық мақсаттағы ракеталық Әскер академиясы, маршал С.К.Тимошенко атындағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскери университеті, А.В. Хрулев атындағы тыл және транспорт әскери академиясы, С.М.Киров атындағы әскери-медициналық академия, адмирал Н.Кузнецов атындағы әскери-теңіз академиясы, С.Буденный атындағы байланыс әскери академиясы және одан басқа Жуков, Балашков, Рокоссовский, Мерецков, Комаров, Можайский, Антонов, Ушаков, Богдан Хмельницкийдің есімдерін иеленген қаптаған әскери оқу орындарының санынан жаңыласыз. Ал бізде бірде-бір орден-медаль ту байлап, жауға шаққан ақберен батырлардың есімімен аталмайды. Қазақстанда әскерилер үшін I және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендері, I, ІІ,ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендері, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік epлiгi үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медальдары бекітілген. Неге бізде де аты аңызға айналған Жанай батыр, Қарасай батыр, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Ағынтай, Саңырық, Тайлақ, Өтеген, Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары, Райымбек, Жәнібек, Малайсары, Баян, Сырым, Исатай, Махамбет, Бауыржан Момышұлы атындағы әскери наградалар тағайындамасқа? Дұшпанмен ұрысқа атойлап кірген Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Абылай, Әбілқайыр, Кенесары хандардың есімін әскери атақтарға, әскери оқу орындарына неге еншілемеске? Қазір елімізде Ақтөбедегі Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты, Астанада С. Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» мектебі, Б.Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернаты, Щучинскіде Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы ғана бар екен. Біздіңше, Бурабайдағы елдің ең жоғары әскери оқу орны болып есептелетін ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық қорғаныс университетін, Алматыдағы кезінде Қонаевтың атында болған Құрлық әскерлерінің әскери институтын, ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және әскери инженерлік институтын, Ақтаудағы Әскери теңіз күштерінің әскери институтына елге ұран, жауға сес болған хан-батырларымыздың әзиз есімдерімен атайтын кез жетті. Сонда ғана бүкіл әлемді тітіреткен бабалар рухы қайта оралады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста