«Ұлттық бірлік доктринасы» жасалып жатыр

«Ұлттық бірлік доктринасы» жасалып жатыр

Сәл ертеректе елімізге Бұлғариядан арнайы делегация келіпті. Көздегендері – өздерінің осындағы қандастарын атажұртқа оралуға үндеу, шақыру. Сол меймандармен жұмыс істеген бүгінгі Парламент Мәжілісінің депутаты Людмила Хочиеваның бізге айтуынша, бұлғариялықтар, ең алдымен, қазақ даласындағы осынша ұлт пен ұлыстың сондай жарасымды, тату-тәтті өмірін көріп, айран-асыр болады. Тіпті отандастарын өз елдеріне шақыруға да батпай қалады. Еліне аттанар алдында делегация басшысы: «Біз қазақ даласына қандас бауырларымызды Бұлғария жеріне көшіп келуге шақыруға келген едік. Енді бұл райымыздан қайтып, елімізге мүлдем басқаша көзқараспен қайтып барамыз. Мұндай берекесі мен бірлігі жарасқан елді тастап, көшіп келіңдер деп айтуға аузымыз бармай отыр», – деп ағынан жарылыпты. Кеше Людмила Хисақызы бізге өзі куә болған осы жайтты баяндап берді.

 kazakstan-xaliktari-assambleyasi-otirisi_131

ТІЛ – ТІРЕГІМІЗ
Бұл, әрине, еліміздегі халықтар достығын ту еткен Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысына берілген баға екені даусыз. Кеше Астанада ассамблеяның
XV сессиясы өтті. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сессия отырысына Мемлекет басшысы әрі Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Елбасы өз сөзінде мемлекеттік тілге қатысты мәселеге тереңірек тоқталды. Оның айтуынша, енді ассамблеяға халықтың мемлекеттік тілді игерудегі жалпыұлттық процесі жүктеледі. «Ол үшін ешкімді кемсітпей, қысым жасамай, қажетті шаралар кешенін ұдайы әрі жүйелі түрде жүзеге асыру керек», – деді Президент. Яғни мемлекеттік тіл ешкімнің де мүддесіне қайшы келмейтін жағдайда керегесін кеңейтуі тиіс. «Қазақстанда қазақ тілін орыс тіліне қарсы қою – үлкен қателік. Қазақстанда орыс тілі объективті түрде ұлтаралық қатынас тілі болып табылады, оны ешқашан да мемлекеттік қазақ тіліне қарсы қоюға болмайды. Орыс тілі біздің мәдени байлығымыздың ажырамас бөлігі, ұлтаралық қатынас тілі болған және бола да береді», – деп атап өтті ол. Сонымен қатар Президент Қазақстан азаматтарының үш тілге – қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны жандандыру керек екенін айтты. Оның ойынша, 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану және дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарлама қабылдаған жөн.

ТАТУЛЫҒЫМЫЗ ТАЛАЙДЫ ТАМСАНТЫП ОТЫР
Президент Нұрсұлтан Назарбаев сессия отырысындағы сөзінде әзірленіп жатқан «Ұлттық бірлік доктринасының» ең негізгі қағидаларына тоқталды. Оның ойынша, доктрина басты үш сауалға жауап беруі тиіс. Ол үш мәселе мынау екен: «Ең алдымен біздің ұлттық бірлігімізді атап өткім келеді. Бұл – топтасқан этникалық, діни және басқа әлеуметтік мәдени топтардың қауымдастығы болу деген сөз. Екіншіден, ішкі қауіпсіздігіміз тас қамалдай берік болса, үшінші мәселе ұлттық бірліктің негізі – ортақ тарихымыз болмақ. Әртүрлі этностардың бастан өткерген қайғы-қасіреті болашақта қайталанбас үшін біз тарихтан сабақ алуымыз керек», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сондай-ақ ол ассамблеяның еліміздегі демократияның қозғаушы күшіне айналып отырғанын атап өтті. «Оның жемісті жұмысы әлем жұртшылығын қызықтырып отыр. АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Англия секілді алпауыттар біздің қоғамға ерекше құрметпен қарайды. Біздің еліміз аз уақыттың ішінде елеулі елге айналды. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болып сайлануы оның халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалғанын білдіреді», – деді Мемлекет басшысы.

 ЕЛЕУЛІ ЕКІ ҰСЫНЫС
Елбасы ассамблея сессиясының отырысында дін істері жөніндегі мемлекеттік агенттік құруды ұсынды. «Бізге дін істері жөніндегі арнайы агенттік құру керек болар. Бұл мәселені Президент Әкімшілігіне Үкіметпен бірлесіп пысықтауды тапсырамын», – деді ол. Тағы бір ұсыныс айтты: бейбітшілік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғалар үшін арнайы марапат белгілеу. «Неге бізге «Қазақстан халқы бірлігінің алтын медалі» сияқты қоғамдық марапат тағайындамасқа?! Бұл, сөз жоқ, ассамблеяның беделін арттыруға ықпал етер еді», – деп атап өтті Президент.

НАЗАРБАЕВША НОУ-ХАУ
Түске дейін Мемлекеттік хатшы, сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ассамблея кеңесінің басқосуы өткен болатын. Қанат Саудабаевтың айтуынша, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Президенттің «Ұлттық бірлік доктринасын» қабылдау туралы бастамасы – дер кезінде қолға алынған өзекті мәселе. «Біздің этносаралық қатынастар саласындағы оң тәжірибеміз, Қазақстан халқы ассамблеясының нәтижелі қызметі Нұрсұлтан Әбішұлының саяси ноу-хауы ретінде әлемдік қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отыр», – деген болатын Қ.Саудабаев.

Клара ХАН, «Қазақстан-Корея» достық қоғамының төрайымы:
– Меніңше, ассамблея – идеология. Елімізде тұратын 130-дан астам ұлт өкілдері осы ұғымның аясында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Татулығы жарасқан елде ғана береке, бірлік, байлық болады. Мысал ретінде бірлігі нашар отбасының тірлігін алып қарайық. Ол жерде сыйластық болмайды, бәрі ыдырап, жан-жаққа кетеді. Ассамблея дегеніміз де осы сияқты.

Розақұл ХАЛМУРАДОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Ассамблеяның былтырғы сессиясында Елбасы жүктеген қазақ тілі мәселесін айтпай өте алмаймыз. Президент елімізде өмір сүретін өзге ұлттар арасында қазақ тілін насихаттау мәселесін қойған болатын. Дегенмен осы мәселені жеріне жеткізе алмай келе жатырмыз. Біраз жұмыстар атқарылды. Енді осы сессияда тіл мәселесі шешілсе, ынтымағымыз бен бірлігіміз одан сайын баянды бола түседі.

Людмила ХОЧИЕВА, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Біз күллі әлем халқына үлгі болып отырмыз. Өйткені дүниежүзінде мұндай ұйым жоқ. Ол бізде ғана бар. Қазақстан халқы ассамблеясын мемлекет ішіндегі үлкен мақсат арқалап отырған институт деуге болады. Бұл – қазақ халқының дарқандығы мен кеңдігінің арқасында қол жеткізілген қазақстандық үлгі. Бұл –Қазақстанның ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі. Ассамблеяны біздің қол жеткізген ұлы жетістіктеріміздің жүзеге асуы деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста