Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Тұран топырағында жолбарыс жүректі батыр көп, өйткені қазақтың өзі ежелден батыр халық. Әйтпесе аз ғана халықтың мұншама ұлан-ғайыр даланы найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғауы мүмкін емес. Қазақтың қазақтығын сақтап қалуы, ұрпағына тиесілі ұлтарақтай да жердің жатқа бұйырмауы бірінші кезекте осы батыр-билеріміздің арқасы. Олар аманаттап кеткен кең далаға көрікті қала тұрғызған бүгінгі ұрпақ батыр бабаларымызды қаншалықты қастерлеп, рухына тағзым етіп жүрміз?
Батырларымыздың батырлығын елге дәріптеудің бір әдісі мүсінін тұғырға қондыру, көшеге атын беру. Алайда «қазаққа ортақ батырларға ескерткіш орнатудың өзі саясаттың құрбаны болып жатқан жоқ па» деген күдікті ой сананы сығалайды. Бұлай деуіміздің себебі неде?
Облыс орталығы Шымкент қаласында бірнеше батырдың ескерткіші бой көтерген. Елдің есінде болса, қазіргі Тәуелсіздік саябағы орын тепкен жерде Қабанбай батырдың тас мүсіні бірнеше ай бойы «ақ жамылғы» жамылып, елдің «бетіне» ашық-жарқын жүзбен қарау сәтін ұзақ күтті. Әйтеуір, бір ашылды. Бірақ көп ұзамай-ақ «батырдың орны бұл емес екен» деген билік ескерткіштің тұратын орнын өзгертіп, батыр аруағымен ойнағандай күй кешкенімізді несіне жасырайық? Қабанбай батыр ескерткішінің қазіргі тұрған орны өте сәтті таңдалған деп айту қиын. Мүлдем байқаусыз қалмаса да, қалаға келген қонақтар үшін көрнекті жерде тұрған жоқ. 
Алматы қаласының теміржол вокзалынан түссеңіз, қарсы алдыңыздан Абылай ханның еңселі ескерткіші қарсы алып, қалаға бастар қақпа іспетті Абылай хан даңғылы құшағын жаяды. Шымкенттің теміржол вокзалына түскен жолаушыларды Қабанбай батыр көшесі күтіп алғанымен, батыр ескерткіші көшенің арғы басындағы бір бұрышта тұр. Батыр атындағы көшенің басы мен аяғының арасы да бір-ақ тұтам. Сонда қазаққа ортақ Қабанбай батырға облыс орталығынан бұйырған көше осы ғана болғаны ма?
Әбдіғани ТАШҚАРАЕВ, Қабанбай батыр ескерткішін орнатушы:
– 1991 жылдың 23 қыркүйегінде Шы­ғыс Қазақстан облысының Зай­сан ау­данында Қабанбай батырдың 300 жыл­дығына облысымыздан шық­­қан топты бастап барғанмын. Ол кезде об­лыс­тық атқару комитеті төр­ағасының орын­басары болып қыз­мет ететінмін. Бір күн ерте бар­дық. Кімдердің қандай сыйлық әкел­­генінен алдын ала хабар­дар болдым. Оң­түстік Қазақстан­ның сы­­йы ерекше бол­сын деген оймен бір күн­де облыстағылармен ақыл­дасып, Шым­кентке батыр ескерт­кішін ор­­натуға ке­лісім алдым. Жиында мұны көп­ші­ліктің көзінше уәде еттім. Міне, ес­керт­кіш орнату жайлы идея сол жылы ой­ла­­маған жерден туған. Сол 1991 жыл­дан бе­рі ескерткіш орнатуға қан­ша­ма рет әре­кет­тенгеніммен, қаржы мә­селесі ше­шіл­мей-ақ қойды. 2002 жы­лы бұл мәселені өз кү­ші­мізбен іске асы­руға бел будым. Биз­­­нес­пен айна­лы­сатын балама айтып, құ­жат­тар­ды да­­йын­дадық, жер сатып алдық. Ал­ғаш ба­­тыр мүсінін атқа қондырған едік, ке­йін тікесінен-тік тұрғызып, қолына қы­лыш ұс­таттық. Соңынан қылыштың ор­нын қам­шы алмастырды. Әйтеуір, ба­­тыр ескерт­кі­шінің жобасы бірнеше мәр­­те өзгерді. Қы­зық­тың барлығы мү­сінді тұғырға қон­дыр­ғаннан кейін бас­тал­ды. Ескерткіш 2005 жылдың 25 ма­мырында Елбасы Н.На­зарбаевтың қа­­тысуымен ашылуы тиіс болатын. Сол кез­де облыс әкімі Ө.Шөкеевке Ал­ма­тыдағы бір аталастарымыз «Қабанбай батыр атқа мінуі керек, атқа мінбеген күйі ашылатын болса, біз өйтеміз де, бүй­теміз» деп «ашулы» хат жолдапты. Сөйтіп, жос­пар­ланған мезетте ашылмай қалды. Енді жел­тоқсанның 16-сында ашылатын болды. Ме­желі уақытқа үш күн қалғанда ескерт­кіш­тің ашылуы тағы кейінге қалдырылғаны белгілі болды. Бірақ себебін ешкім ашып айтпайды. Әр­кім­нің әуеніне төңкеріліп жү­руге уа­қыт тығыз, ақсақалдармен ақыл­дастық та, аштық та жібердік. Мәселе мұ­ны­мен де тоқтамады. Батыр тұрған жерге Тә­уелсіздік саябағы түсетін болып, ес­керт­кіш орнын қайта ауысты­руға тура келді. Бі­рақ бұл жолы атқа­рушы билік бар міндетті өзінің мой­нына алып, жер де тауып берді, көшіріп те берді.

Шымқаланың Жібек жолы және Ақпан батыр көшелерінің қиылысындағы атқа қон­ған Ақпан батырдың ескерткіші де кө­лік көтерген шаң-тозаңнан түсі қоңыр тарт­қан ақ жамылғы жамылғалы жылдан асып қалды-ау, шамасы. Ақ матаның астындағы Ақ­пан батыр екенін астындағы жазуы ай­қын­дап тұр. Ал оның не себепті ашылмай жат­қанын білгісі келіп, жанашырлық та­ны­тып жүрген жанды байқамадық. Мүлдем ес­керусіз қалған сықылды. Әйтеуір, ба­ты­ры­мыздың бетін бүркеп, жұрттан жасырып қойдық.
Ақпан батыр ескерткішін орнатуға жер бөлу жөнінде Шымкент қаласы әкімінің №957 қаулысы сонау 2010 жылдың 10 мау­­сымында шыққан екен. Бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі аясында іске асыруды қолға алған «Сити-Строй – LTD-7» жа­уап­кер­шілігі шектеулі серіктесті­гі­нің директоры А.Қайып­беков мырза мық­тап қолға алып, ес­керткішті тұғырға қон­дырғанымен, құ­жат­тарын құнттауға кел­генде әлсіздік та­нытып жатқан сыңайлы. Олай дейтін се­бе­біміз, батыр бабамыздың тас мүсінін тұр­ғызатын жер мәселесі ше­шіл­генімен, Мә­дениет министрлігі та­ра­пынан берілетін қорытынды алынбаған. Өткен жылдың 22 мау­сымында сол кезде облыс әкімінің мін­детін атқарып жүрген бірінші орынбасар Бе­рік Оспановтың атынан мәдениет ми­нистрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке үшбу хат жол­данып, сәулеттік жоба Мемлекеттік ко­мис­сияның қарауына ұсынылған. Алайда ара­да жарты жыл уақыт өтсе де, бұл мәселе шешілмеген, ақ мата сыпырылмаған күйі әлі тұр.
Осы тұста Кеңес Одағы тұсындағы идео­­логия еріксіз еске оралады. Үл­кен­дер­­ді, яғни партия қатарындағы аза­мат­тар­ды айтпағанның өзінде, мектептегі оқу­шы­­лардың өзі «Ленин ата – бабамыз, сая­­­сында жатамыз, қарсы келген дұшпан­ды ­қақ жүректен атамыз» деп қатыгез­дік­пен өрілген әнді әуелетпеуші ме едік?! Төбесіне торғай қондырмайтын Лениннің тас мүсіні жоқ қаланы кезіктіру мүмкін бол­майтын. Сол жылдары Лениннің мүсіні дәл осындай жағдайды бастан кешіріп көр­сінші, біреудің басы кеудеден допша до­маламаса да, бірнеше адам партби­ле­тінен айырылып, өмірден баз кешіп кете­ріне бәс тіге аламыз. Міне, өзгенің баба­сын өзіміз­дікі санап, қыз­ғыштай қор­­ға­­ғаны­мыз осы­дан-ақ бай­қалып тұр. Ал ұлттық баты­ры­мызға кел­генде ше­неу­нік біткен шекесінен қарайды. Әрине, ескерткіштің тағдырын тәлкекке сал­ғаны үшін қызметінен боса­тылыпты де­генді әзірше естіген жоқпыз. Әкім­дердің де мұндайды естімегеніне дау жоқ. Ес­тісе, батырымыздың бейнесі бір-ақ күнде жарқырап тұрар ма еді, кім білсін!  
«Солтүстік» ықшамауданы мен «Шы­ғыс» ықшамауданының ортасын бөліп тұр­ған кішкене көше қазір Жолан батыр аты­мен аталады. Бір күні сол көшенің сол жақ бойынан тас мүсінге арналған тұғыр пайда бол­ды. Сосын ол қайта бұзылды. Араға бір­шама уақыт салып көшенің екінші бетінен тағы бір тұғыр бой көтерді. Сол тұғыр әлі өзгеріссіз қалпында. Себебі неде екенін білмеген жергілікті тұрғындар ара­сында неше түрлі ыңғайсыз, гу-гу әңгі­ме­лердің шоғы үрленіп жатқаны өкінішті.
Ресми мәлімет бойынша, бұл тұғыр Жолан батырға арналған. Мүсінді орнатуға тал­пыныс танытқан «Жолан батыр» қо­ғам­дық қорының басшылары жерді сатып алып, батыр ескерткішін тұрғызуға рұқсат беретін қорытынды алу үшін жоғарыда аталған министрліктің арнайы комис­сия­сының назарына батыр жайлы мәліметтер жі­берген. Әзірге бар болғаны – осы.
Жалпы, ескерткіштердің тағдырына кім жауапты? Тұғырға қонған тұлғалардың мү­сі­нінің дер кезінде ашылмауының сыры не­де? Бұл сауалдың нақты жауабын айту әзір­ше мүмкін болмай тұр. Себеп – жүйенің жүйесіздігі. Ескерткіштер мен монументтер жайлы облыстық мәдениет басқармасынан мәлімет сұратқанымызда, бір жапырақ тізім ұсынумен ғана шектелді. Басқа мә­лі­мет жоқ. Мәдениеттің ішінде жүрген ма­ман­дардың өздері қалалық әкімшілік тұр­ғын үй және коммуналдық шаруашылық бө­ліміне қарасты болуы мүмкін деген ой­мен солай қарай жол сілтеді. Ал олардың негізгі міндеті ескерткіштердің тағдырына ара­ласу емес, күтіп ұстау, яғни мүсіндер мен оның айналасын тазалап ұстау болып есептеледі.
Нұрлан АРХАБАЕВ, Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы:
– Негізі, әр құрылысты жүргізудің өзін­дік тәртібі бар. Ескерткіштер  тарихи маңы­зы бар нысан болғандықтан, ескерткіш қою мәселесі мүсіні қойы­латын тұлғаның тұл­ғалығы дәлел­денгеннен кейін тал­қы­лануы тиіс. Ал бұл – Мәдениет ми­нистр­лі­гін­дегі арнайы комиссияның құзырындағы дү­ние. Ол комиссия жерге шешім шыққан ба, шықпаған ба – ол жағына мән бер­мейді. Ақ­пан батырға қатысты комис­сияның қо­ры­тындысы жоқ. Ұзақ уақыт ашыл­май тұ­руының негізгі себебі де – осында. Жолан ба­тырдың ескерткішін қоятын жер ал­ға­шында дұрыс таң­дал­маған болатын. Оны ал­дырттық. Жа­қында Президенттің мә­де­ниет орта­лығынан қала әкіміне анықтама жол­­да­ныпты.

Қаланың бас архитекторының сөзінен ұққанымыз, шаһардың ажарын ашып, сән-салтанатын арттыратын сәулет құры­лысын дамытуға жауапты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде де нақты мә­лі­мет­тер жеткіліксіз екен. Сонда тарихи ес­керт­кіштердің тағдырына тікелей жа­уап­ты ме­кеменің болмағаны ма? Жауап­кер­ші­лікті мойнына алғысы келмеген мекемелер мың сан желеуді алға тартып, маңызды мә­селені допша домалатқысы келеді. Жүйенің өзі осындай жүйесіз болса, тарихи ескерт­кіш­тер төңірегіндегі келеңсіздіктерге байла­ныс­ты кімге өкпе арта аласыз? Сонда бү­гінгі, ертеңгі ұрпаққа тарих керек емес пе?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста