Ұлттық бақ жерін заңсыз иемденген әкім сотталды

Алматы облыстық сотында сот жүйесіндегі жариялылыққа жарқын жол ашу мақсатында баспасөз брифингі болып өтті.

Онда қызмет бабын асыра пай­даланып, ерекше қорғалатын аймақ­тар шекарасын өзгерту тек Үкіметтің құзырына кіретінін ескермей, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағына тиесілі жерді бөліп алу туралы аудандық әкімдіктің заңсыз қаулы­сын шығарып, өзі қол қойып, сол жер телімін өзінің баласының атына рәсімдеп берген Еңбекшіқазақ ауданының бұрынғы әкімі Керімтай Әбдірахмановқа қарсы қозғал­ған қылмыстық істі аталған аудандық сот ағымдағы жылдың 1 маусымында қарап, ҚР ҚК 308-бабы 4-тармағы «в» тармақшасы, 307-бабы 3-тармағы, 58-бабы 3-тармағы негізінде бас бостандығынан – төрт жыл­ға, жауапты мемлекеттік қызмет ат­қару құқығынан бес жылға айырып, жа­за­­сын түзеу колониясының жалпы ре­жімін­де өтеуге соттағанын мәлім етті. Сот­талу­шы К.Әбдірахманов заңнамаға сәй­кес апелляциялық са­тыға шағым түсір­ме­гендіктен, Ең­бек­шіқазақ аудандық со­тының үкімі заңды күшіне кірді.
Сондай-ақ осы үкіммен Еңбек­шіқазақ аудандық Жер қатынастарын басқару жө­ніндегі комитеттің бұрынғы жетекшісі бас бостандығынан – үш жылға, жауапты мем­лекеттік қызмет атқару құқығынан төрт жылға айырылған еді. Алайда ол бел­гі­ленген мерзімде апелляциялық сатыға ша­ғымданғандықтан, оған қарсы шыға­рылған сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Ерхан Тотыбайтегі, Алматы облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы:
— Еңбекшіқазақ аудандық соты­мен сотталған Керімтай Әбді­рах­­манов енді облыстық сот­тың қа­дағалау сатысына (онда уақытқа шектеу қойылмайды) шағым­дануға құқылы, онсыз Қазақ­стан Республикасының Жоғарғы соты­на шағымдана алмайды.
Жыл басынан бері облыс соттарына сыбайлас жемқорлыққа байланысты 54 тұлғаға қарсы 45 қылмыстық іс түсіп, оның 40-ы қаралды. Бұл қыл­мыскерлер қата­рында әкім, судья, тер­геуші, мем­лекеттік қызметкерлер де бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста