Ұлттық банк базалық ставканы көтерді

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 9,25% болады.

"Шешім инфляциялық болжамдарды төмендету және инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге кіру қажеттілігі ескеріле отырып қабылданды", – деп түсіндірді Ұлттық банк.

Шешім инфляциялық болжамдарды төмендету және инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге кіру қажеттілігі ескеріле отырып қабылданды. Әлем экономикаларының көпшілігінде, оның ішінде Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдерінде инфляция әлі де жоғары деңгейде. Соңғы айларда дезинфляциялық процестерге қарамастан, ішкі конъюнктура сұраныс тарапынан, сол сияқты ұсыныс тарапынан да инфляцияға қарсы елеулі тәуекелдердің болуымен сипатталады.

Айта кетсек, Қазақстанда базалық ставка 25 қазанда жылдық 9,5%-тен 9,75%-ке дейін көтерілді.

Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды.

Банктер клиенттерге қарыз беру үшін ақшаны орталық банктен алатындықтан, олар өз пайыздық мөлшерлемесін базалық ставканы ескере отырып есептейді. Базалық ставкаға өз маржасы мен тәуекелдерін қосады. Сол себепті базалық ставка жоғарыласа, коммерциялық банктердің несиесі де қымбаттай түседі.

Базалық ставканың тағы бір міндеті – инфляцияны барынша тежеп, оның өсуіне жол бермеу.

Әдетте Ұлттық банк инфляцияны ұстап тұру үшін базалық ставканы көтереді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста