«Үлгілі ене» анықталды

«Үлгілі ене» анықталды

Ең үлгілі ене Алматы облысының Қарасай ауданында тұрады. Аудан мектептерінің бірінде ұстаздық ететін Нұршайым Қосбаеваны мұндай атқа лайық деп облыс­тық ардагерлер кеңесі таныған екен. Облыс бойынша өткізілген енелер сайысында бас жүлдені иеленіп, үздік өнер көрсеткен Нұршайым Қосбаева – екі ұлдың анасы. 30 жылдық ұстаздық тәжірибесі бар ана қос келінін де жақсы тәрбиелеп, шаңырағының тірегі болып отыр.
Алматы облыстық ардагер­лер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдықтың айтуынша, облыстың 19 аудан-қаласын қамти отырып өткізілген енелер сайысының басты мақсаты – отбасының бір­лігін сақтау, халықтың демогра­фиялық өсіміне ықпал ету, ене мен келіннің арасындағы сый­ластықты бекемдеу.
Байқауға қатысушылар ұлт­тық салт-дәстүрді білуден жа­рыс­қа түсіп, өз отбасы, ұл-келін­дері, немерелері туралы баян­дады. Отбасылық тәрбие туралы сұрақтарға жауап беріп, шығар­машылық бейімділіктерін бай­қатты. «Үлгілі ене» байқауында Ақсу, Алакөл, Талғар ауданда­рының қатысушылары да жүл­делі орындарға ие болды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста