"Үй бағасы өседі": Алматыда қабат санын шектеу жөнінде сарапшылар пікір білдірді

"Үй бағасы өседі": Алматыда қабат санын шектеу жөнінде сарапшылар пікір білдірді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық аудандарда 9 қабаттан жоғары үй салуға тыйым салған болатын. Қазір шенеуніктер шектеуге қатысты жаңа регламент жасауда. Алайда құрылыс саласының мамандары қабат санының азаюына байланысты үй бағасы шарықтауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Алматы орталығында 9 қабаттан жоғары үй салуға тыйым салынбақшы. Әкімдік Абай, әл-Фараби даңғылдары, Жандосов көшесі және Шығыс айналма жолындағы үйлерге қабат шектеуін қойған. Енді аталған аудандарда салынатын үй 5-9 қабат аралығында болуы міндетті. Шенеуніктер мұның қала жүктемесін азайту үшін жасалғанын айтады.

"Инфрақұрылымдағы тығыздықты азайту және аймақтарды дамыту мен жоспарлау мақсатында әлем елдерінде құрылыс тығыздығы мен қабат санын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан қабат санын шектеу туралы регламент енгізу қаланы тұрғындар үшін етуде маңызды", - деді Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов. 

Құрылыс саласы бойынша ұйым мүшелері қабат санын шектеу тек құрылыс компанияларына ғана емес сатып алушыларға да кері әсерін тигізетінін айтады. Яғни қалада пәтер бағасы өседі. Сонымен қатар жаңа регламент ескі үйлерді бұзу бағдарламасын тежейді екен. 

"2023, 2024 жылға қарай салынатын үйлер көлемі кішірейеді. Жаңа нысандарда салынатын үйлерде қабат жоспарланғаннан аз болады. Бұл жаңа жобалар экономикасына кері әсер етеді. Сәйкесінше үй салу, реновация бойынша бағдарламалар жылдамдығы баяулай түспек", - деді Қазақстан құрылысшылар одағының басқарма өкілі Ералы Сауранбаев. 

Ал урбанистер қабат саны ешқандай зиян келтірмейді дейді. Олардың сөзінше, жаңа регламент құрылыс тығыздығындағы мәселелерді шешуге көмектеседі. 

"Бұл шектеу үйлердің тым биік әрі тығыз болмауына көмектеседі. Дегенмен бұл үшін тек қабат санын шектеп қана қоймай, құрылыс компаниялары шағын үй салуға мүмкіндік жасау үшін құрылыс нормаларын өзгерту мәселесін де көтеру керек", - деді Urban Forum Kazakhstan сарапшысы Диас Маратұы. 

Қазір қаланың Абай көшесінен жоғарғы бөлігінде бос жер телімдері қалмаған. Үкімет мен қоғам белсенділері жаңа регламенттің кемшіл тұстарын талқылауда. Әкімдікте ережені бір ай көлемінде дайындайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар шенеуніктер жаңа шектеудің салынып жатқан көп қабатты үйлерге қатысы жоқ екенін қосып өтті. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста