Талапкер екі мүмкіндіктегі қорытындының ең жақсы нәтижесімен грант иелену үшін арнайы конкурсқа қатыса алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасарының қатысуымен өткен брифингте айтылды.
«Биылғы негізгі ҰБТ артықшылықтарының бірі – оны тапсыруға екі мүмкіндік тестіленуші, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа қатыса алады. Биыл бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілді. Сонымен қатар, екі мүмкіндікте де, бір бейіндік пәндер комбинациясын таңдау керек болады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға да жағдай жасалынған. ҰБТ тапсыру үшін мысалы осындай балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі», деді вице-министр.
Жалпы алғанда, биыл жоғарғы оқу орындарына 88 мың грант бөлінген. Олардың жартысынан астамы инженерлік-техникалық мамандықтарға бағытталып отыр. Тегін білім гранттарының басым бөлігі сондай-ақ халқы тығыз орналасқан өңірлерге, жаңа құрылған облыстар мен еліміздің батыс аймақтарына бөлінген. Ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде 16 мамырда басталған болатын. Қуаныш Ерғалиев осы тестілеу нәтижесінде түлектер мемлекеттік грант конкурсына қатыса алатынын атап өтті. Оның айтуынша, биыл негізгі ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш берген. «3-ші 20 шілде аралығында грантқа құжат қабылдау басталады. Ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз», деді министрдің орынбасары. Жоғары оқу орындарына қабылдау әдеттегідей 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.