Түсік жасатамын деп жатырынан айырылды

Түсік жасатамын деп жатырынан айырылды

Ақтөбелік әйел емханалардың бірінде жасанды түсік жасатамын деп ана болу бақытынан айы­рыл­ды. Сол үшін емхана дәрігер­леріне 800 мың теңге айыппұл төлет­пек.
Оқиға былай болыпты: әйел 2011 жыл­дың желтоқсанында бір емханада жасанды түсік жасатқан. Алайда кейін ота жасаған дәрігердің жатырды толық тазартпағаны анықталған. Әйел ауырып, ауруханаға барады. Мұндағы дәрігерлер жасанды түсіктің толық жасалмағанын айтып, жатырда қалып қойған плацента қалдықтарын алып тастауға шешім қабыл­дайды. Алайда ота жасау кезінде жатыр тесіліп кетіп, ішектерге зақым келеді. Сарап­тау комиссиясы ота жасатпас бұрын жатырдың қабынуын емдеп алу қажет бол­ғанын анықтаған. Ақырында дәрігер­лер «ішекке зақым келе отырып, жатырдың тесілуі» диагнозымен жедел жәрдем ауруханасына түскен әйелдің өмірін сақтап қалу үшін жатырды алып тастауға мәжбүр болған.
Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот емхана мен аурухана дәрі­герлерін кінәлі деп тапты. Және талапкерге бірінші медициналық мекемеден 300 мың теңге, екіншісінен 500 мың теңге залал өндіріп алу туралы шешім шығарды. Сот шешімі күшіне енген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста