Түркістанда ауыл шетінен 9-сынып оқушысының денесі табылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауыл шетінен жасөспірім қыздың мәйіті табылды. 9-сынып оқушысы осыдан бірнеше күн бұрын қайтыс болған, деп хабарлайды Массагет тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, оқушының мәйіті 9 сәуір күні суару каналынан табылған. Үш күннен бері алақандай ауылдан күдіктінің кім екені табылмай жатқан көрінеді.

"Ауылдастары қайтыс болардың алдында бір қыздардың тиісіп жүргені туралы естіген. Қазір 9, 10, 11 сынып оқушылары сұралып жатыр екен. Қызды жарақаттаған пышақ та жоқ, қаскөй марқұмның телефонын да шағып кеткен. Жаңа ғана бір оқушы күдікті ретінде қамауға алынды", – деп жазды Ирина Советжанқызы.

Артынша қызды өлтірді деген күдікпен 11 сыныпта оқитын ұл бала ұсталып, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің  99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста