Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде, Сауран ауданының аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдік егу дерегін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері деструктивті-діни ағым жақтаушысы ретінде есепте тұрған жергілікті тұрғынды анықтады.
Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде, оның ауласынан сора тәрізді 609 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған түптер жалпы салмағы шамамен 16 келі болатын "сора" өсімдігі болып шықты.
Бұл факт ҚР ҚКнің 300-бабының 1-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысының тұрғынынан 600-ден астам сора түптері тәркіленді
Последние статьи автора