Түркістан облысының полицейлері есірткіге қарсы акция өткізді
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, "Есірткісіз болашақ", "Халықаралық балаларды қорғау күні" айлығы аясында, нашақорлықтың алдын алу тақырыбында акция өткізді.
Іс-шара Түркістан қаласындағы "Конгресс-холл" ғимаратында өтті. Оған облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыс орталығының жастары қатысты. "Жастар есірткіге қарсы" ұранымен өткен шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Сондай-ақ акция барысында тәртіп сақшылары оқушылар мен жасөспірімдерге есірткіні қолданудың зияны туралы түсіндірді. Одан бөлек есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік барын ескертті.
Іс-шара соңында Түркістан облысының полицейлері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға шақырды. Сонымен қатар тақырыптық бағыттағы жазғы бас киім мен футболкалар таратты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі