Түркістан облысының полицейлері бейнежетондардың жұмысы туралы айтып берді
ҚР Ішкі істер министрлігінің "цифрлық полицей" жобасы аясында, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің саптық бөлімшелері заң бұзушылықтарды тіркеу және құқыққа қарсы іс-қимылдардың жолын кесу кезінде жұмыстың тиімділігін арттыру үшін портативті бейнетіркегіштерді (бейнежетондарды) белсенді пайдаланады.
Бүгінгі таңда облыстағы патрульдік қызмет пен учаскелік полиция инспекторлары осы техникалық құралдармен жарақтандырылған. Бейнежетондар полицейлер қызметтік міндеттерін атқару басталған сәттен бастап қосылып, жұмыс аяқталғанға дейін үздіксіз түсіруді (жазуды) жүзеге асырады. Аталмыш заманауи инновацияларды енгізіп, қолдану нәтижесінде полицейлер тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактілері қысқарды.
Сондай-ақ бұл құрылғыға жазылған бейнежазбалар тәртіп сақшыларына қатысты қандай да бір құқық бұзушылықтар жасалған кезде сенімді қорғауға қызмет ете алады. Учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды және патрульдік полицейлер оларды хаттамалар толтыру мен қоңырауларға қызмет көрсету кезінде қосуға міндетті.
Оған қоса бейнетіркегіштер барлық бағыттарда жазба жүргізетін патрульдік полицияның автокөліктерінде де жарақтандырылған. Сондықтан заманауи технологиялар полицейлерге сервистік модель мен ашықтық қағидаты аясында жұмыс істеуге қолайлы.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі