Әлеуметтік желіде Түркістан облысында тұрғын ер адамды күндізгі уақытта әдейі көлікпен қаққаны туралы видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға Мақтаарал ауданында көшеде серуендеп жүрген адамдардың көз алдында болған.
Кадрлардан көлік тізгінінде отырған тұрғын жылдамдықпен көшедегі ер адамға қарай жүргені көрінеді.
БАҚ пен әлеуметтік желіде жәбірленуші аудандық мәслихат депутаты әрі бау-бақша мекемесінің директоры екені айтылып жатыр.
Оқиғаның анық-қанығы мен себептері белгісіз. Облыстық полиция департаменті өкілдері бұл жағдай туралы әлі пікір білдірген жоқ.