Түркістан облысында информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Түркістан облысында информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Түркістан облысы Сарыағаш қаласындағы мектептердің бірінде информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады, алайда күдікке ілінген жігіт жасөспірім қызға үйленгенін, некесі қиылғанын айтып ақталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы желіде журналист Саида Тұрсуметова хабарлаған. Журналист Facebook парақшасында іске қатысты мәліметтерді жариялаған.

"Мектеп директоры жәбірленушінің туыстарына көмектесу мақсатында ғылым ордасына келіп тексеру жүргізбек болған министрлік тарапының комиссия мүшелерін "сатып алған", – деп жазды әйел.

Мәліметтерге қарағанда, мектеп министрліктің тексерісін күтіп отыр. Журналистің сөзінше, оқиға туралы пост жарияланған соң оған Сарыағаш аудандық адами даму бөлімінің басшысы Дәулет Ақатов өзіне хабарласқан.

“Қазір мектепте және осы оқиға болған ауылда арнайы топ жұмыс істеп жатқанын айтты. Бүгін сағат 18.00-ге дейін олар жауап беруге уәде берді. Маған Дәулет Анасұлының "Мектеп – жезөкшелер үйі емес, сондықтан барлық кінәлілер жазаланады" дегені қатты ұнады", – деп жазды Тұрсуметова.

Осы оқиғадан соң Сарығаш ауданының тұрғыны осы іске күдікті деп танылған азамат өзіне жала жабылғаны туралы айтып, видео жариялайды.

“Мен туралы Саида Тұрсуметова деген журналист жалған пост жариялады. Бұған келіспеймін.  Мен Дильнорамен бұрыннан сөйлесіп жүргенмін, атастырылып қойғанбыз. Некеміз де қиылған. Біздің некемізді бұзбауын сұраймын”, – дейді күдікті.

“Мені ешкім зорлаған жоқ. Біз отбасымызбен тату тәтті өмір сүріп келе жатырмыз”, – дейді жеткіншек қыз.
Видеода қыздың анасы да қызын ешкім зорламағанын, жігітке оны өз еркімен бергенін айтады.

Түркістан облысының полиция департаменті 30 мамыр күні зардап шеккен қыздың анасы Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне арызбен жүгінгенін хабарлады.

"Аталмыш факті Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің Сотқа дейінгі тергеулердің тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер" бабы бойынша тіркелді. Күдікті тұлға анықталды және ұсталды", – деді полиция.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істің тергеу барысы Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында.

Журналистің жазуынша, Полиция департаменті күдіктіні тергеуге алдық деп хабарлағанымен, педагог журналистпен кездескісі келетінін айтып, постты өшіруді талап еткен. 

“Осы іске қатысты күдіктіге ұқсайтын адам жұмысымның алдында мені күтіп тұрмын деп жазды. Сонда оны әлі ұстамаған ба? Тағы бір маңызды мәліметтер, оқиға 30 мамырда болған, педагог үйленбеген, кешегі күнге дейін басы бос болған, бірақ кеше оны тездетіп үйлендіріп жіберіпті. Бірақ қыздың жасы 16-ға толмағанда ғой” – деп жазды ол.

Оның сөзінше, қазір мектепке директордың мінетін атқарушы маман келген. Екі педагогты тәрбие жұмысы жөніндегі директор лауазымынан шеттеткен.

“Психолог пен әлеуметтанушының лауазымынан айырды. Алайда олар мұғалім ретінде сағаттары болса, мектепте ары қарай жұмыс істей береді деген сөз. Бап бойынша жұмыстан шығарылған жалғыз адам – қыздың сынып жетекшісі. Бұл атышулы мектепте болған оқиғадан кейінгі нәтиже”, – деп жазды ол.

Ал мектеп директоры еңбекке жарамсыздық парағын алып кеткен екен. Қадағалаушы бөлім мектепте заң бұзушылықтар болғанын мойындады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста