Түркістан облысында 40-тан астам кәмелет жасына толмаған жасөспірім полицияға жеткізілді
Түркістан облысының полицейлері 2021 жылдың 25-31 қазан күндері аралығында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Шараның мақсаты - кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын сауық мекемелерінде болуын анықтау болып табылады. Сондай-ақ сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында қорқытып алушылық, ақша жинау, суық және атыс қаруларын алып жүрулерін анықтау және топтасып қылмысқа баруларының алдын алу болып табылады.
Мәселен, аталған іс-шара кезінде Жетісай өңірінде жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруінің 20 жайты анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік шара көрілді. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі "Ата-аналық міндетін орындамау" бойынша 3 ата-анаға тәрбиелік міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама түзіліп, сотқа жолданып, айыппұл салынды. Осыған орай аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында қаралды. Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ-мен Жетісай қаласында сауда орындарында ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 1-бөлігімен "Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкогольдік өнімді сату" фактісімен, дүкен сатушысына хаттама толтырылып Жетісай аудандық сотына әкімшілік жаза көру үшін жолданды.
Оған қоса облыс орталығы Түркістан қалалық ПБ-ның қызметкерлері де "Жасөспірім" шарасын қарқынды жүргізуде. Түркістан қаласындағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында, ювеналды полиция, қалалық прокуратура, ішкі саясат, жастар орталығы мен адами әлеуетті дамыту бөлімдері бірлесе отырып, рейдтік іс-шаралар өткізді. Соның нәтижесінде 24 жасөспірім полицияға жеткізілді. Оларға қатысты түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен хаттама толтырылды. Бұл бағыттағы іс-шаралар күнделікті өз жалғасын таба бермек.