Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің бұйрығына сәйкес мереке күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Тәртіп сақшылары құқықтық тәртіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде тәулік бойы қызметте болды. Сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс атқарды. Мәселен 2023 жылдың алғашқы 3 тәулігінде 54 қылмыс тіркеліп, оның 45-і ашылды. Сонымен қатар облыс бойынша 4000-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Мас халде көлік басқарудың 1 жайты анықталып, айыптұраққа 31 автокөлік қойылды. Сондай-ақ полицейлер өңірге жаңбыр аралас қалың қар түсіп, желдің қатты соғуына байланысты жолдарда патрульдеу жұмыстарына жұмылдырылды.
Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі