"Трабзонспор" клубының жанкүйерлері жер сілкінісінен кейін Түркияға көмекке келген құтқарушыларға алғыстарын жеткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жанкүйерлер швейцариялық "Базель" командасына қарсы ойында алып банерді көтерді.
"Жүректі елжіретерлік көрініс: құтқарушы, бала мен үйінді астында қалған адамдарды іздеу кезінде өлген ит – Протео", – деп жазды БАҚ беттерінде.
Құтқарушының бас киімінде көмекке келген елдердің туы бейнеленген. Ал тізімнен Қазақстанды да көруге болады.