Түркияда судың 50 метрге қайту туристерді шошытты

Түркияда судың 50 метрге қайту туристерді шошытты

Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін екі апта өтті, алайда жергілікті ландшафттың өзгеруі және түсініксіз табиғи құбылыстар жергілікті тұрғындар мен туристердің үрейін қашырды. 21 ақпанда тіркелген тағы бір жер сілкінісі жұртшылықты шошытқан түсінікті, өйткені оның әсері Антальяда да сезілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Yeniasir басылымының мәліметінше, қоғамның назары елдің оңтүстік-батыс бөлігіндегі Мугла провинциясының Акьяка курортты қалашығына ауған. Қала Эгей теңізінің танымал екі курортты қаласының (Бодрум және Мармарис) ортасында орналасқан.


"Туристер мен жергілікті тұрғындар жұмбақ құбылысқа көріп, бірден су тартылған теңіз түбін суретке түсіре бастады. Кейбіреулер тіпті қалыптасқан кішігірім аралдарда отыру үшін өздерімен бірге пластикалық орындықтар алып келді, ал балалар үшін ойын мен серуендеуге қосымша орын пайда болды".

Айта кетейік, Эгей теңізінің осы бөлігіндегі қаңтар-сәуір және қыркүйек-қараша айларында судың тартылуы әдеттегі процесс және көптеген тұрғындар мұны бұрыннан біледі және табиғи құбылысқа сабырмен қарайды. Алайда, бір апта бұрын теңіз жағалау сызығынан 15 метрге, ал бүгінде 50 метрге дейін тартылған және тағы жалғасатын секілді.

Судың былай қарқынды тартылуы жергілікті тұрғындар мен туристерді әбден шошытқан, олар мұны таяудағы жер сілкіністерімен байланыстырады.

"Біздің теңіз деңгейінің өзгеруі, толқындардың қозғалысы, жел қысымының өзгеруі жер сілкінісінен кейін пайда болатын цунамидің әсеріне байланысты өзгереді. Дегенмен, бұл судың келуіне байланысты қозғалыстар. Олар апта сайын, ай сайын және жыл сайын өзгеруі мүмкін.

Планеталардың, Айдың және Жердің орналасуына байланысты кейде әсерлер ұзаққа созылуы мүмкін, кейде одан да аз", - деді Ситка Кочман (MSKÜ) атындағы Мугла университетінің Су ресурстары кафедрасының профессоры, доктор Чейхун Ожчелик.

Осылайша, ғылыми дәлелдерге сәйкес, ауқымды жер сілкіністері теңіз толқындарының қозғалысына әсер етіп, теңіз тереңдігінде цунами тудырады. Сондай-ақ, толқындардың қозғалысына Ай фазасы және басқа аспан денелерінің қозғалысы үлкен әсер етеді.

Айта кетейік, Түркияда тағы да жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы 5,8 және 6,4 балдық жер асты дүмпуі Хатай провинциясында болған.

Жер сілкінісі Сирияда, Ливанда, Иорданияда, Иракта, Палестинада, Израильде сезілді. Сирияда жер сілкінісінің әсерін Идлиб, Алеппо, Хама, Африка, Аазаза, Джерабль тұрғындары сезді.

Түркияда алғашқы жойқын дүмпулер 6 ақпанда болды. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 44 мыңға жуық адам қайтыс болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста