Алматыдағы ұшақ апаты: туристік агенттіктердің бірінің директоры Bek Air әуе компаниясының тоқтатылған рейстердің билеттерін қайтармай жатқанын, фирманың кеңсесінде күнделікті жанжал туып, жаға жыртысуға шақ қалатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оның айтуынша, қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндері билеттерді әуе компаниясы емес, туристік фирмалар қайтарып келген.
Еске сала кетейік, қазақстандықтардың бұрын сатып алынған Bek Air әуе билеттерін қайтаруға толық құқығы бар екені мәлімденді. Егер жолаушылар өз қаражатын қайтаруда қандай да бір қиындықтарға тап болса, олар компанияны сотқа бере алатыны хабарланған.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім еткендей, қайтаруды орындамаған немесе одан бас тартқан жағдайда компанияны сотқа беруге, материалдық және моральдық шығынды өндіріп алуға болады.
Әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға негізгі себеп - әуе кемесіне мұз қату болуы мүмкін деген болатын.
Сондай-ақ әуе кемесі көкке көтеріліп, апатқа ұшырамай тұрғанда ұшқыштардың не сөйлескенін жариялаған еді.