Төрт өңірде қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін
«Қазгидромет» РМК күннің жылынуына байланысты төрт өңірде қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктер Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 23-25 наурыз күндері қардың жылдам еруін болжап отыр.
Ауа температурасының жоғарылауынан бұл өңірлерде қар ериді, өзендерде мұз қабаты әлсіреп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Жергілікті жолдарды еріген қар суы шайып, су басуы ықтимал.
«Ұлытау облысында мұндай құбылыс Ұлытау ауданының солтүстігі мен Жаңаарқа ауданында болады», - деп нақтылады «Қазгидромет».
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу