Төрағаның сөзіне депутаттар шамданып қалды

Мансұр Хамит (фото)

Қазақстанның жері қаншалықты кең байтақ болғанымен, оның қорда­ла­нып жатқан проблемалары да шаш етектен. Тіпті жер төңірегіндегі топырлаған сұрақтың көптігі сонша, кешегі Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатына келген Жер ресурстары агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзібеков қара терге түсті. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, каникул ал­дын­дағы ең соңғы Үкімет сағатында депу­тат­тар да Өмекеңе біраз сауалдарын үйіп-төкті.

Жер ресурстары агенттігі де тым жаман жұ­мыс атқарып жатпаған секілді. Отырыс залы­ның алдына көрмесін жайып тастаған агенттік депутаттарды бір желпіндіріп тастады. Бірақ өткен-кеткенді есепке тізіп, алдағы атқарылар істерді де ескерусіз қалдырмаған Өмірзақ мыр­за баяндамасын жасап болған соң бастыр­малатқан сұрақтардың астында қалды. Әйтсе де баяндаманы жақсылап оқып берген агенттік төрағасы қойылған сұрақтарға өте салқын­қанды жауап берді. Әуелі ол кісінің өте ұмыт­шақ жан екені белгілі болды. Кімнің не сұрақ қойып жатқанын жанындағы орынбасары сыбырлап айтып берді де отырды. Ал айтып берген сұраққа жауапты өте қысқа, тіпті артын түсініксіз қылып қайтаратын төрағаның «әдеті» депутаттардың шамына тие бастады. Соңына келгенде шыдамаған депутат Рамазан Сәрпек­ов «мен не деймін, домбырам не дейді» деп ре­нішін жасырып қала алмады...

Алдымен сөз алған депутат Уәлихан Қалижанов Алматының көрікті жерлеріне рұқсатсыз коттедж тұрғызып алғандар туралы білмек болып еді. Агенттік төрағасы қазір бұл мәселе бойынша 80-нен астам адамның жауапқа тартылғанын, қалған жерлердің әкімшілік пен агенттіктің қадағалауында екенін айтып, қысқа қайырды. Халық қалаулысының тағы бір білмек болғаны – азаматтарға тегін берілуі тиіс 10 сотық жердің жайы еді. Мысалға, қазір Астана қаласы төңірегінен жер алуға 30-40 мың адам кезекте тұр. Жылына 1000 жер телімі беріледі деген күннің өзінде, олардың соңының 40-50 жылдан кейін әрең деп қолы жерге жетпекші. Бұл сұрақ та жауапсыз қалды... Депутат Вла­димир Нехорошев болса, жер мәселесіндегі жемқорлық пен тәртіпсіздіктің әлі тыйыл­май отырғанын айтады. Бұл жағдайды өзі де мойындаған Ө.Өзібеков жер-жердегі жер инспекторлары санының аздығын алға тартты. Расында, жер төңірегіндегі тү­йінді мәселе аз емес. Депутат Тито Сыз­дықовтың айтуынша, қала маңынан инф­рақұрылымы жоқ иен жерді беріп алып, орналасқан халықты жабайы тұрмыста ұстау үрдіске айналған. Шаңырақ, Қоянды ауылдарының айналасындағы дау-дамай – соның айғағы. Бір қызығы, жерге бай­ла­нысты сұрақ қойған 20-дан астам депутат­тың дені қазақша сауал қойып, мәселені қазақ тілінде көтерді. Осыған қарап, жер тағдыры тек қазақтың ғана жүрегіне бататынын білу қиын емес. Өйткені алтын бесік ауылында жермен күнін көріп отыр­ған халықтың басым бөлігі – өзіміздің қара­көздер. Осыны сезінген депутаттар жер мәселесіне жұмыла үн қосты. Олар аук­ционмен сатылуға тиісті жердің көбі тек қалталылардың ғана қолында кетіп, қара халықтың құр алақан қалып жатқанын жеткізді. «Сондықтан біз болып, сіз болып, осы аукцион мәселесін бір оңтайлы жүйеге түсіруді қарастырайық», – дейді депутат Алдан Смайыл. Ал кейбір ауыл тұрғын­да­рының қазір мал жаятын ұлтарақтай жерге зар болып отырғаны да жасырын емес. Мұны депутат Рамазан Сәрпеков қозғады. Себебі ауылдағы әлдебір алпауыттар жер­дің көбін иемденіп алған, тіпті мал суару­дың өзі үлкен мәселе. Көл мен бастау, төбе мен қырат – жекенің меншігі. Ал пайдала­нылмай жатқан жердің де жыры ұзаққа созы­лар әңгіме. Кейбір мәліметтерге қара­ғанда, 20 млн гектар жер пайдасыз, иге­ріл­мей жатыр. Бірақ олардың иесі бар. Жер ресурстары агенттігі болса пайдалану­сыз жатқан 65 мың гектар жерді қайтарып алғандарын айтады. Ал қалған жерлер арам­шөп басып, зиянды жәндіктер ұялап текке жатыр. Қысқасы, қара жердің қапта­ған мәселесі қаранардың белін қайыстырар ауыр жүк болып тұр. Ол жүкті қасқайып тұрып көтеруге тиісті Жер ресурстары агенттігінің жұмысы қазір жеміс береді деу­ге әлі ертерек секілді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста