Сот үкімімен Тоқтар Төлешовтің баласы Төлегенге шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді, деп хабарлайды BNews.kz. Ол сот залынан босатылды.
Бүгін Астанада Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты сот үкімі шықты. Атақты бизнесмен және «Шымкент сыра» кәсіпорнының директорының мүлкін тәркіленіп, 21 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Жымысқан қылмыстық іске мемлекеттік шенеуніктер мен бұрынғы жоғары шенді басшылар араласқан.
Олардың ішінде: ҚР БП бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесінің бұрынғы мүшесі, екінші кластағы мемлекеттік әділет кеңесшісі Ілияс Бақтыбаев, ОҚО ІІД бұрынғы басшысы генерал-майор Ғибратұлла Досқалиев, ОҚИ ІІД бастығының бұрынғы бірінші орынбасары, полиция полковнигі Сәкен Айтбеков, сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» аймақтық басқарудың 35748 және 55652 әскери бөлімшелерінің командирлері, полковник Бекзат Жумин және Қайрат Пернебаев бар.
ҰҚК органдары қару-жарақ пен жарылғыш заттың көп мөлшерін тәркіледі. Оларды Төлешов өзінің қылмыстық әрекеті үшін қолдануды жоспарлаған.