Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болған кезде "күрделі шешімдер" қабылдайтынын мәлімдеді. Ол біреумен жақсы қарым-қатынас орнатқаннан гөрі мемлекеттің мүддесін жоғары қоятынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Платон – менің досым, бірақ ақиқат қымбатырақ" формуласы мен үшін түйінді әрі мақсатты маңызға ие екенін барлығы түсінді деп үміттенемін. Бұл барлық мәселелерге қатысты. Мен үшін біреумен жылы қарым-қатынас орнатқаннан гөрі, мемлекеттің мүддесі жоғары. Мемлекет үшін керек жағдайда мен күрделі шешімдер қабылдадым, болашақта да солай жасаймын", – деді Тоқаев кәсіпкерлермен кездесу кезінде.
Президент байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жол беруге болмайтын деңгейге жеткенін айтқан еді.
Тоқаев: Мен үшін біреумен жылы қарым-қатынас орнатқаннан гөрі, мемлекеттің мүддесі жоғары
Последние статьи автора