Тоқаев банктен кредит алғандарға қатысты заңға қол қойды

Алматыдағы трагедиядан кейін президент екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын қайта қарастырып, заңға өзгерістер енгізуді тапсырған болатын

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатына қатысты заңға қол қойды. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Заң жобасының негізгі бағыттары:

  • борышкерге кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сатуына мүмкіндік беру;
  • кей жағдайларда кепіл берушіге кепіл нысанасын ауыстыруға мүмкіндік беру;
  • пайдакүнемдік мақсаттардың туындауын болдырмау үшін кепіл ұстаушының және онымен аффилирленген тұлғалардың сатып алушы ретінде аукционға қатысуына тыйым салу.


Атқарушылық іс жүргізу деңгейінде борышкерге тыйым салынған жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату құқығы беріледі. Бағасы 75 проценттен кем болмауы шарт. Аукционды өткізу тәртібіне де өзгерістер енгізілді.

Бұдан бөлек, заң жобасында бағалаушылардың қызметіне қойылатын талаптар да қатаңдатылған.

Айта кетері, 20 қыркүйекте Алматының Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан жекеменшік үйдің иесі сот үкімін орындауға келген бес адамды атып тастады. Оқиға орнында сот орындаушысы, учаскелік инспекторлар, үйдің жаңа иесі мен оның танысы көз жұмды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бес бірдей адамды атып тастаған борышкердің әрекетін ақтауға болмайтынын баса айтты. Себебі ондай дау-дамайлар тек құқықтық тәртіппен ғана шешілуі қажет. Алайда Тоқаев трагедияға себеп болған негізгі мәселелерді жан-жақты зерделеп, қажет болса, заңға өзгеріс енгізуді тапсырған болатын.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста