Әне-міне дегенше, еліміздің бас қаласы - Астананың 12 жылдық мерейтойы да таяп қалыпты.
Жұрт көптен күткен, назарын тігіп жүрген қаланың қоғамдық тіршілігінде өзіндік мәнге ие болуы тиіс «Шабыт» шығармашылық орталығы, «Мәскеу» көпфункционалды кешені, сулы-жасыл желектегі «Изумруд орамы» сынды маңызды нысандар құрылысы аяқталуы тиіс. Бірақ соның бәрінен айшықтысы – маусым айының аяғына қарай есігін ашатын, елорданың сол жағалауында орналасқан «Назарбаев университеті» мен шілденің 5-інде ресми ашылатын «Хан-Шатыр» болмақ. «Хан-Шатыр» негізі конструкциялық шешімі мен сәулеті жағынан бірегей ғимарат болғандықтан ұйымдастырушылар осы бір ерекше жобаның ашылуын есте қаларлықтай қызықпен әрлемек ниетте көрінеді.