Той күні тыныштандыратын дәрі ішкен қалыңдық кенеттен көз жұмды
Дағыстанда тыныштандыратын дәрі ішкен қалыңдық үйлену той күні көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресей Федерациясының тергеу комитетінің аймақтық басқармасының мәліметінше, қыз мазасызданып, дәріханадан дәрі-дәрмек сатып алған. Бірақ дәріні ішкеннен кейін оның жағдайы нашарлаған. Ауруханаға түскен кезде көз жұмған.
Аталған факті бойынша тергеу органдарымен тергеуге дейінгі тексеріс ұйымдастырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Патолог Александр Эдигердің айтуынша, қалыңдық қабылданған дәрі-дәрмектен ғана емес, басқа да себептерге байланысты өмірден өтуі мүмкін.
"Препаратты қабылдау өліммен байланысты емес шығар. Мүмкін, ол қатты ауырып, кенеттен жүрегі тоқтап қалуы мүмкін", - дейді "Московский комсомолец" сарапшысы.
Маман мұндай жағдайда адам дәріханаға барып, "дәрі-дәрмектің бір түрін" сатып алғанда, бұл бірден төзімсіздік реакциясына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.