Жуырда ғана Талдықорған білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Асхат Жұмағали тергеудің нұсқасын мәлімдеді.
Тергеудің нұсқасы бойынша мұндай тәжірибе Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтеріне «өлі жандарға», үлестес тұлғаларға есептеу арқылы 2 млрд теңгеге жуық ақша ұрлауға мүмкіндік берді. Тінту барысында күдіктіден 1 млрд теңге сомасында ақшалай қаражат табылды және тәркіленді, оның едәуір бөлігі шетел валютасында болды.
«Мұндай құқық бұзушылықтар бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тетіктерінің жетілмегендігі, білім беру қызметкерлерін орталықтандырылған есепке алудың болмауы және осы процестерді цифрландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде мүмкін болды», - деп атап өтті Асхат Жұмағали.
Кеңес қорытындысы бойынша білім беру саласындағы ағымдағы жағдайды өзгерту бойынша кешенді шаралар белгіленді.