Теміртаулық келіншек 8 млн. қазақстандық әйелдің атынан Елбасыны сүйетіндерін білдірді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Ассамблея сессиясында сөз алған Теміртаудағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Наталья Скорикова биік мінбеден Қазақстан Президентін жақсы көретіндерін жеткізді.
«Ассамблея (Қазақстан халқы – ҚазТАГ) дегеніміз – бұл 17 млн. қазақстандық. Оның 8 миллионы біздер, әйелдерміз. 8 млн. әйел жүрегі сізге қарайды, бейбіт аспанымыз, мұнда өмір сүру мүмкіндігіміз үшін сізге 8 млн. алғыс», — деді Н.Скорикова бейсенбі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында.
«Нұрсұлтан Әбішұлы, 8 млн. әйел сізді сүйеді. Біз де сізді қолдаймыз», — дегенді қосты ол сосын.
«Онда Сүлеймен сұлтан демала тұрсын», — деп әзілдеді Президент өз кезегінде.