Тәуелсіздік сарайы күрделі жөндеуден өтеді

 Биыл наурызда елордадағы Тәуелсіздік сарайына күрделі жөндеу басталады, деп хабарлайды  тілшісі ҚазАқпарат «Astana Venue Management» ЖШС-ге сілтеме жасап.

Алдымен, серіктестік желіде тараған «Тәуелсіздік сарайы сүріледі» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Алайда, техникалық тексеру ғимарат шатырының металл құрылымында ақаудың барын көрсетті. Осы орайда, жекелеген элементтер бойынша күрделі жөндеу жүргізіледі», - делінген ресми ақпаратта.

Хабарламада айтылғандай, жөндеу жұмыстары биыл наурызда басталады деп жоспарланған.

«Тәуелсіздік сарайына бұған дейін қайта және күрделі жөндеу жүргізілмеген», - деп көрсетілген хабарламада.

Еске салсақ, Тәуелсіздік сарайының жөндеуден өтетіні осыдан бірнеше жыл бұрын мәлім болған еді.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі айтулы іс-шаралар ұйымдастырылады.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста