Тарихқа тағзым

Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі, мәдениет пен өнердің киелі ордасы. Қаламыздың өркендеуіне үлес қосып, сол арқылы еліміздің дамуына серпін беру – баршамыздың азаматтық борышымыз. Осы мақсатта соңғы жылы қаладағы мәдени өмірдің біршама өркендеп, сала-сала бойынша ауқымды шаралардың жүзеге асып жатқаны байқалады.

Ұлттық бағыттағы мәдени құндылықтарды жаңаша, заман талабына орай насихаттау қалада қарқынды жүруде. Осы жылдың соңына дейін ашылатын «Алатау» дәстүрлі өнер театры және «Ұлттық мұра орталығы» сынды  жаңа мәдениет нысандары қазақ халқының дәстүрлі өнерін, тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттайтын рухани ошақтарға айналмақ. Осылайша бұрын-соңды кейінге ысырылып келген дәстүрлі өнер шеберлерінің қасиетті дербес шаңырағы бой көтермек. Халқымыздың тарихымен, дәстүрлі мәдениетімен танысқысы келген қонақтардың ең алдымен баратын мәдени ошағы осы өнер театры болмақ.

 1000-жылдығын өткізу шеңберінде жасалып жатқан Алматы қаласының тарихы музейінің жаңа экспозициясы қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналары сөзсіз.

 

      29 мамыр, 12 маусым, 2 және 24 шілдеде ат бәйгесі болды. Мұндай сайыстар 14 және 28 тамызда, Қала күніне орай – 18 қыркүйекте және 2 қазанда өтеді деп жоспарлануда. Бірнеше жылдан бері пайдаланылмай келген ипподром осылайша қала тұрғындарының ең сүйікті мәдени орындарының біріне айналып отыр. 

 

А.Сарым: Соның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау, ұлт қайраткерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында атқарылған жұмыстардың ауқымы көңілге сенім ұялатады. Әйгілі суырып-салма ақын Сүйінбай Аронұлына, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, атақты партизан Әди Шәріповке қойылған ескерткіштер көпшіліктің көңілінен шықты. Биылғы жылы алаш зиалыларының бірі Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығы ЮНЕСКО аясында атап өтілуде. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлы мен Алматы қаласының 1964-1971 жылдардағы бас сәулетшісі болған М.Меңдіқұлов бюсттерінің бой көтеруі – жақсының атының өлмейтіндігіне тағы да бір дәлел. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы аясында 2016 жылы ашылған «Тәуелсіздік таңы» монументіндегі қайта өңдеу жұмыстарының жүргізілуі және 1992 жылы тасы қойылғанымен, осы күнге дейін орнатылмаған 1931-33 жж. ашаршылық құрбандарына Елбасының тапсырмасымен 2017 жылы ескерткіш орнату туралы шешімнің қабылдануы өткен тарихқа деген ілтипатты байқатады. Қазіргі таңда ашаршылық құрбандары ескерткішінің үздік үлгісіне ашық конкурс жарияланып та қойды. Алматыда тұңғыш рет қазақ халқының және түркі мемлекеттерінің дәстүрлі өнерінің шеберлігін насихаттайтын жаңа жобалар жүзеге асты. Ол жыршы-термешілердің «Ұлы дала елі» халықаралық фестивалі және «Әуенмен тербелген 1000 жыл» дәстүрлі музыка фестивалі. Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлау 2016 жылдың айтулы оқиғаларының бірі болып отыр. Қазіргі уақытта мерейтойға жоспарланған 107 іс-шараның 50-і өткізілді. ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде және серіктес-қала Реннде осы тарихи жылдың мерейтойлық қорытындысы жасалмақ. Бұл әлем жұртшылығына мың жылдық қала тарихын паш етумен қатар, дәстүрлі қазақ мәдениеті мен өнерінің жасампаздығын тағы да бір дәлелдеу болмақ.

 

«Азаттықтың алтын бесігі» республикалық ақындар айтысы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Алтын домбыра» аймақтық ақындар айтысының қалалық іріктеу кезеңі, Алматының 1000 жылдығын жырлаған «Мың жасаған шаһар» Халықаралық айтыстары жырсүйер қауымды бір желпінтіп, ерекше күйге бөледі.

Алматы еліміздің мәдени-рухани орталығы екені баршаға аян. Бұған дейін де еліміздің ең атақты өнер майталмандары осында ғұмыр кешіп, шығармаларын қалдырды. Сондай атақты мәдениет және өнер қайраткерлерінің мерейтойларын жаңаша ұйымдастырып, ұлағатын насихаттау дұрыс жолға қойылды.

 

Осы аралықта 17-ден астам мерейтойлық іс-шара өткізілді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 4 есеге жуық артық. Ж.Әшімжан: Соңғы жылдар мәдениетіміз үшін аса жемісті болды. Алматыда Абай Құнанбайұлының 170-жылдығы, Сүйінбай Аронұлының 200-жылдығы кең көлемде аталып өтті. Сондай-ақ, белгілі мәдениет пен өнер, қоғам қайраткерлерінен – жазушы Ілияс Есенберлиннің, ағайынды-әншілер Абдуллиндердің, әртіс Кәукен Кенжетаевтың, кинорежисер Ораз Әбішевтың, ғалымдар Тоқтағали Жангелдин мен Қайым Мұхамедхановтың 100-жылдық мерейтойлары көпшілік көңілінен шыққан мәдени шаралар болды. Біз қазір той тойлаудан гөрі ой ойлауды дәстүрге айналдырдық. Мәдениет қайраткерлері: ақын Олжас Сүлейменовтың, ҚР халық әртісі Сәбит Оразбаевтың, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 80-жылдығына, белгілі жазушы, әрі драматург Софы Сматаевтың 75-жылдығына арналған мерейтойлық кештерден соны аңғардық. Бұл шаралар терең танымымен, өнегелі тағылымымен елдің есінде қалды.

Жыл соңына дейін Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығы мен Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығын лайықты атап өту жоспарлануда. Биылғы жыл 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100-жылдығы. Осы бір тарихи оқиғаға арналған «Ұлт-азаттық көтеріліс» атты өткенді жаңа буынның жадында жаңғыртуға арналған ауқымды іс-шаралар болып өтті. Тарих тағылымын молынан сіңіріп, оны өскелең ұрпаққа жеткізу жолында атқарылған ауқымды шаралар «Елім дейтін ер барда» өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Халқымыздың мол мәдени мұрасын сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа шашауын шығармай жеткізу үшін қызмет етейік. Б.Әбдібек

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста