«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры тағайындалды
Жаңадан құрылған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Тоқымтаев Әлібек Тоқтаубекұлы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметіне тағайындалды.
Тоқымтаев Әлібек 2004 жылдан бері Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының директоры қызметін атқарған.
«Өз саласының нағыз кәсіби маманы» - деп жазды өзінің фейсбук парақшасында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Еске сала кетсек, еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақта тағы да бір ұлттық парк бой көтергенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы №382 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Ұлттық парктің ауданы 143550,5 га.
Бұл еліміздегі 13-ші ұлттық парк болып табылады.