«Талпақ танау» Тобылды толқытып отыр

«Талпақ танау» Тобылды толқытып отыр

Атам қазақ «жау жоқ деме жар астында» дегенді текке айтпаған. Бұл нақылды дәл бүгінгідей төрткүл дүниені «талпақ танау тұмауы» дендеп тұрған дүрбелең шақта еріксіз еске аларымыз анық. Өйткені шекарамызда бизнес, оқу және қыдырыспен жүрген халық миграциясы өте көп. Бұл жағдай әсіресе, «шошқа тұмауына» жол ашуы мүмкін өткір респиреторлық жұқпалы инфекцияға шалдыққандар саны күн санап көбейіп бара жатқан Ресеймен іргелес қостанайлықтар үшін үлкен қауіп туғызып отыр.

 Шекара асып, Челябіде оқып жатқан қазақстандық студенттер семестр бітпей-ақ «демалысқа» шығып жатыр деген ақпарат аймақ халқын елең еткізді. Бұған себеп те жоқ емес. Өйткені жақында, Челябі мемлекеттік университетінің 18 жасар студенті А/Н1N1 тұмауынан көз жұмып, іргелес өңір Ресейдің «талпақ танау тұмауы» тұтқынына түскен «індетті аймақтар» тізіміне іліккен-ді. Жалпы, қоңсы қонған облыста шамамен 120-ға тарта адам «шошқа тұмауына» шалдығып, нәтижесінде алты адам ажал тырнағына іліккен. Бұл Тобыл төсі тұрғындарын да толқытып отыр.

Гүлсім Мәруарқызы, Қостанай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиология бөлімінің бас маманы:
– Қалада қазіргі күні дабыл қағатындай тұмау вирусы тіркелген жоқ. Әрине, өткір респираторлық жұқпалы инфекция жұқтырғандар саны өткен жылдармен салыстырғанда 40 пайызға өскені байқалады, кей күндері күніне 140-160, кейде аптасына 920-930 баладан тіркеліп жатады. Бұған, ең бірінші кезекте ауа райының жиі құбылуы себеп болып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста