Талдықорғанда судьяға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр
Талдықорғандағы судьялардың біріне қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Бұған дейін жергілікті қоғам белсендісі судья ішімдік ішіп алып көлік жүргізген деп күдіктенген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
2 тамызда заңгер әрі қоғам белсендісі Бауыржан Бибатыров Талдықорғандағы судьялардың біріне қатысты ресми тексеру басталғанын хабарлады. Ол осы іске құқық қорғау органдарының назарын аударғанын еске салды.
"Естеріңізде болса, жақында Талдықорғанда мас күйінде көлік жүргізгені үшін судья ресімделген. Мен бұл туралы пост жазып, Жоғарғы сотқа, Ішкі істер министрлігіне және Антикорға шағым жібердім. Жетісу облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінен жауап келді", – деді Бауыржан Бибатыров.
Осы жауапқа сәйкес судьяға қатысты қажетті ақпаратты сұратумен қызметтік тексеру басталды. Оны сот әкімшілігі департаменті арнайы құрылған комиссияның қатысуымен жүргізеді.
"Менің өтінішім жоққа шығарылмады, бірақ расталмады. Тексеру нәтижелерін күту керек", – дейді қорғаушы.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz