Талдықорған маңында заңсыз ит төбелесі ұйымдастырылған

Талдықорған маңынан ит төбелестіруге арналған алаң табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрда қоршалған аумақты анық байқауға болады. Алаңға ит төбелесін көруге көптеген адам жиналған.

"Шаруа қожалығының аумағындағы иттердің төбелесі ұйымдастырылуда. Қазақстанда мұндай төбелеске тыйым салынған. Әсіресе, бәс тігіп ойын ойнауға болмайды", - деп жазады видео авторы.

Жарияланған видео қолданушылардың наразылығын тудырды.

Облыстық полиция видеожазбаға жауап берді. Полиция департаментінің мәліметінше, жазба 10 қыркүйекте Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылының маңында түсірілген.

"Тексеру барысында арнайы қоршауда иттердің төбелесін ұйымдастырғаны туралы ақпарат расталды, алайда төбелеске қатысқан жануарлардың жарақаттану фактілері анықталған жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан территориясында жануарлардың төбелестерін, сондай-ақ жануардың жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге немесе оның өлуіне әкеп соқтыратын ойын-сауық іс-шараларын (жануарлар қатысатын ұлттық спорт түрлерінен спорттық іс-шараларды қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.” - делінген хабарламада.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста