Еліміздің Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты абақтылар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай емес. Бұған қоса, пенитенциарлық мекемелерде өрт қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылған. Бұл туралы ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚР Қарулы Күштері әскери полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлерді тұтқындап ұстау ғимараттарының бекітілген талаптарға сай келмейтіні төтенше жағдайлар және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдарының аумақтық органдары мамандарының қатысуымен өткен тексеру барысында белгілі болған. Гауптвахталар қызметінде тек өрт қауіпсіздігі мен тазалық нормалары өрескел бұзылып қана қоймай, ондағы ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерде де бірталай заңбұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесінде, тиісті ведомство басшыларына шұғыл арада талаптарға сай келмейтін абақтылардың жұмысын тоқтату туралы ұсыныстар жолданған. Прокурорлық әрекет ету шараларының нәтижесінде, қорғаныс министрінің екі және ҰҚК төрағасының бір бұйрығының күші жойылған деп танылып, қорғаныс министрінің тағы бір бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Талапқа сай келмейтін әскери абақтылар жабылуы мүмкін
Последние статьи автора