Елімізде көптеген ірі компаниялар гранттар жариялап, оны жеңіп алған білімді жастарды алдыңғы қатарлы оқу орындарында
«Қазэнерджи» қауымдастығының атқарушы директоры Әлиакпар Мәтішевтің айтуынша, қауымдастықтың білім беру бағдарламасы төрт жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. «Біздің елде жасыратыны жоқ, кез келген мақсатты жастың ел экономикасын дамыту жұмыстарына атсалысуға мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті біз бағдарлама бойынша мұнай, газ саласында қызмет етуге ниет білдірген, бойында ерекше дарыны бар, бірақ әлеуметтік жағынан мүмкіндіктері шектеулі болып жататын жастарды іріктеп, қолдау көрсетіп келеміз. Бүгінде еліміздің мұнай, газ саласы отандық білікті мамандарға зәру болып отыр. Сондықтан біз оқытып жатқан студент жастар еліміздің мұнай, газ саласындағы мамандардың қазақстандық үлесін арттыруға елеулі үлес қосады деген үміттеміз. Әрине, мұнымен маман мәселесін түгел шешіп жатырмыз деп айта алмаймын. Аздап болса да, өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бірақ бұл біз қолға алып отырған үлкен істің бастамасы ғана. Болашақта білікті мамандардың қатары әлі арта береді деген ойдамын», – деді қауымдастықтың атқарушы директоры.
Кездесуге «Қазэнерджи» қауымдастығының білім бағдарламасы негізінде еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан барлығы 13 студент келіпті. Әлиакпар Мәтішев бізге: «Шараны өткізудегі мақсат – дарынды жастардың «Шелл» компаниясы мен «Қазэнерджи» қауымдастығының қызметі мен жұмыстары жөнінде кеңірек мағлұмат алып, аталмыш ұжымдардың басшылығымен танысып, өздерінің қарым-қабілеттерін танытып, сондай-ақ өз көзқарастарымен бөлісу», – деп түсіндірді.