Тай массажшылары елден қуылды
Шетелдіктер Қостанайда заңсыз жұмыс істеген. Тайландтан келген қыз-келіншектер клиенттерге тай әдісі бойынша сауықтыру массажын жасап, қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Қостанай сотының шешімімен заң бұзушылар бес жыл бойы Қазақстанға кіре алмайтын болды.
"Тайланд Корольдігінің екі азаматының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісін Көші-қон қызметінің өкілдері Қостанайдың спа-салондарының бірінен анықтады", — деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Оларды жұмысқа қабылдаған тарап та жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтбаевтың айтуынша, жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін еліміздің аумағынан 45 шетелдік азамат шығарылған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу