«Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«1987 жылы туған, Д.есімді азамат, Жамбыл облысының тумасы. Жедел деректерге сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының қолдаушысы болып табылады. Күдіктінің жеке басын тінту барысында, ішінде есірткі салынған полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Ұсталған азамат есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дархан Әбіқұлов.
Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.