Сыныптасының атынан бірнеше рет несие рәсімдеген жас жігіт ұсталды

Сыныптасының атынан бірнеше рет несие рәсімдеген жас жігіт ұсталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, өзінің танысы әбден сеніміне кіріп, оның атынан 850 000 теңге ақшалай, 1 105 000 теңгеге тауарлы несие рәсімдеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Олар хабарлама түскеннен соң, көп уақыт өтпей, сезікті жас жігітті қолға түсірді.
Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің сыныптасы болып шықты. Сезікті жігіт «сенің банк шотыңа ағам ақша аударады» - деп, оның банк қосымшасын өзінің ұялы телефонына орнатып алған. Банк қосымшасы арқылы несиелер рәсімдеп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері оңай жолмен олжалы болуды көздейтін алаяқтарға алданбауға шақырады. Қандай таныс болса да, күмәнді қызметтермен сенімге кіретіндерден сақ болыңыздар. Өзіңіздің жеке шот нөміріңіз бен төлқұжаттарыңызды бермес бұрын, оның сенімді адам екендігіне көз жеткізуге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста