Шымкентте жем-шөп күрт қымбаттап кетті: жұрт малын сата алмай әлек

Шымкентте жем-шөп бағасы шарықтап, шаруалар абдырап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Салмағы жиырма келіге жетпейтін шөптің бір бумасы 1000-1500 теңгеден саудаланып жатыр. Шығынға батқан шаруалар енді не істерін білмейді. Өйткені қорасындағы қара малын жаятын далада шөп жоқ, сатайын десе баға төмендеп кеткен.

Қазір Шымкент қаласындағы мал базары төрт түлікке толып тұр. Баға төмендігі байқалғанымен, сатылып жатқаны аз. Шаруалардың айтуынша, малдың мұншалықты арзандауына шөп бағасының шарықтауы себеп. Өйткені шөп қымбат болса, мал шығынын ақтамайды.

Бүгінде қуаңшылық салдары ірі және орта шаруа қожалығын да қинап қойды. Соңғы уақытта аймақта жем-шөптің жетіспеушілігі қатты байқалуда.

«Шөп жоқ десе де болады. Сол себептен біздің көптеген шаруа қожалықтары, әсіресе кіші шаруа қожалықтары, үйінде мал ұстап жатқан біздің шаруа қожалықтарымыз малын асырауға қиналып жатыр. Құрғақшылық себебінен шөп жоқ. Сол үшін қазір көп шаруа малдарын сатып жатыр», - дейді Қаратау ауданы бойынша фермерлер қауымдастығының төрағасы Тахирбек Нышанбаев.

Қымбатшылық әлі де жалғасуы мүмкін. Мұны әкімдік мамандары да біледі. Сол себепті қазір мал басының аналық тұқымына субсидия төлеу үшін қызу дайындық жүргізілуде. Ол үшін қалалық есептен 130 млн теңге бөлінді. Бюджет бүйірінен тағы да 200 млн теңге қаралуда.

«Нақтылап айтатын болсам, мынау ірі қара малдың жем-шөбіне бір басына 30 мың теңге аналық басқа. Жылқыға 20 мың теңге, қойға 5 мың теңге қарастырылған. Яғни, осы шаруа қожалықтар жем-шөп сатып алған жағдайда оның құжаттарын ұсынады. Соған сәйкес әрбір аналық басының сырғасы мен тіркелген нөмірін береді. Соның негізінде біз әрбір басына белгіленген нормативпен субсидиясын өтеп береміз», - дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әбунасыр Жанбатыров.

Мал баққан ағайын үшін тағы бір жүйе жолға қойылмақ. Яғни, «Гидропоника» әдісі арқылы аулада жем-шөпті дайындауға басымдық берілмек. Жаңа жүйеге құмартқандарға тиісінше, түрлі қолдау да болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста