Шымкентте үй құстары белгісіз кеселден қырылып жатыр

Шымкентте үй құстары белгісіз кеселден қырылып жатыр

Шымкентте үй құстары белгісіз кеселден қырылып жатыр. Қанаттылардың өлімі Бадам тұрғын алабында тіркелген. Шығынға батқан тұрғындар бұл солтүстіктен келген құс тұмауы ма деп қауіптенеді. Ал мамандар шаһарда құс тұмауы тіркелген жоқ деп дес бермейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Almaty.tv" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бадам тұрғын алабында тұратын Базарбек Раушановтың үй құстары өткен жұмадан бастап шетінен қырыла бастаған. Алдымен тамағы қырылдап, тұмсығынан сілекейі аққан,  алдына тосқан жем-шөпке жоламаған. Сондықтан мерт болғандарының бәрін жұқпалы болар деп қауіптеніп, өртеп жіберген. Ал, аман қалған екі тауықтың да жағдайы нашар екен.

 
Бұл ауданда тауықтары қырылған бірнеше үй бар. Кесел қайдан келгенін білмей абырдыраған олар ветеринар дәрігерлерді шақырыпты. Алайда маманның ешбірі төбесін көрсетпеген. Басшылық болса, болжау айтумен шектелді.

"Клиникасы бойынша құс тұмауына келмейді. Екі тауығын кеше бақылауға қойды. Егер де сол екі тауығының біреуі өлетін болса, сол жерден міндетті түрде жедел сынама алынып, зертханаға жіберуге дайынбыз", &ndash деді қалалық ауылшаруашылық және ветеренария басқармасының бөлім басшысы Манарбек Ержігітов.

Қанаттылары қырылған тұрғындар құс тұмауы келді деп қауіптенеді. Бірақ мамандар осы күнге дейін Шымкентте ондай бірде-бір оқиғаның тіркелмегенін айтып, сабырға шақырды.

Айта өтейік, жалпы қалада 1 миллион бастан асатын үй құсы бар. Олардың басым бөлігі құс фабрикаларына тиесілі. Сондықтан екпені өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. Ал жеке шарушалықтар мен құс асыраушыларға мемлекет вакцинациялауға жәрдемдеседі. Қазірге дейін 202 мыңға жуық құсқа құс тұмауына қарсы екпе жасалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста