Шымкентте «Sen» атты жас әйелдер форумы өтті

Шымкентте «Sen» атты жас әйелдер форумы өтті

Отбасы институты, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығына айналып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласында өткен «Sen» 1-ші қазақстандық жас әйелдер форумының ашылуында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған форумның мақсаты – жас әйелдерді, қыз-келіншектерді өмірде табысқа жетуге ұмтылдыру. Форум ұйымдастырушылары «Өзіңе сен, отбасыңа сен, еліңе сен – сенің қолыңнан бәрі келеді!» деген ойды жастарға жеткізуді көздейді.

«Тіршілікке мән сыйлайтын абзал жандар, бұл – әйелдер қауымы. Қазақ қыздарының тарихта қалдырған ізі аз емес. Осындай ардақты аруларымыздың даңқты жолын Сіздер абыроймен жалғап келесіздер», – деді Мұрат Әйтенов .
Айта кетейік, форум қатысушыларының арасында «Бизнес инкубатор» байқауының жеңімпаздары, «Атамекен», «Даму» корпорациясының грант иегерлері, өзінің отбасылық бизнесін бастаған көпбалалы аналар бар. Өз кезегінде табысты, іскер әйелдер өзін өзі дамыту, қаржыны басқару, денсаулықты күту мен жеке өмірге қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Форума спикерлерінің қатарында Меруерт Өтекешева, Майра Мұхамедқызы, Ләйлә Сұлтанқызы, Арайлым Әуелбекова, Ханзада Есенова, Айка Алеми, Жания Дабыр сынды көшбасшы әйелдер бар.

Форумның арнайы қонағы – Сколково Мәскеу басқару мектебінің проректоры, әйелдер бағдарламаларының директоры Марина Карбан қатысушылармен онлайн режимде тілдесіп, қазақстандық қыз-келіншектерге сәттілік тіледі.

Бұл форумға қатысушылар жыл бойы спикерлермен тұрақты қарым-қатынас орнатып, үздік шыққан жастар Мәскеу қаласындағы Сколковоға шеберлік сыныптарына жіберілетін болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста