Шымкенттің перинаталдық орталығында 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге алып келді.
Айжан есімді жергілікті тұрғын 25 ақпан күні дені сау бала босанды, деп жазды жергілікті Otyrar.kz басылымы. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.
Көпбалалы анаға перзентхана қызметкерлері естелік сыйлық табыс етті.
"Бұл келіншектің он балаға өмір сыйлағаны үшін қуаныштымыз. Он бала туу үшін оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы керек. Көпбалалы аналар біз үшін нағыз батыр", – дейді перинаталдық орталық мамандары.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 4 892 бала дүниеге келді. Жылдың алғашқы екі айында дүние есігін ашқан сәбилер арасында ұл балалар басым.