Оңтүстікте 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шымкент қаласында жаңа мешіттің ашылуы болады. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан Малғажыұлы Маямеров, ҚР Діни істер агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов және еліміздегі мұсылман мемлекеттерінің елшілері қатысады. Қазір мешіттің ашылуына соңғы дайындығы пысықталуда.
Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа мешіт құрылысы 2007 жылы қаңтар айында облыс әкімдігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Заид бен Сұлтан Әл-Наһаян қайырымдылық және гуманитарлық мекемесі арасындағы өзара меморандум негізінде жүзеге асты. Мешіт Шымкент қаласының батысында, Темірлан тас жолы бойында орналасқан. Жалпы аумағы 2,69 га құрайды, ал ғимарат сол аумақтың 8516 шаршы метріне орналасқан. Ғимараттың сыйымдылығы 3000 адам. Жалпы мешіт құрылысына 1 млрд 622 млн теңге қаржы жұмсалған. Қаржы толығымен қайырымдылық қоры есебінен жүргізілген. Бүгінгі таңда мешіт құрылысы толығымен аяқталды. Құрылысты жүргізген мердігер – «Эристайл Қазақстан» ЖШС-і.
Шымкентте 3000 адамдық алып мешіт ашылмақ
Последние статьи автора