Шымкентте 3000 адамдық алып мешіт ашылмақ

Шымкентте 3000 адамдық алып мешіт ашылмақ

Оңтүстікте 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шымкент қала­­сында жаңа мешіттің ашы­луы болады. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылман­дары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан Малғажыұлы Маямеров, ҚР Діни істер агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов және елі­міздегі мұсылман мемлекет­терінің елшілері қатысады. Қазір мешіттің ашылуына соңғы дайындығы пысықталуда.
Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа мешіт құрылысы 2007 жылы қаңтар айында облыс әкімдігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Заид бен Сұлтан Әл-Наһаян қайырымдылық және гуманитарлық меке­месі арасындағы өзара меморандум негі­зін­де жүзеге асты. Мешіт Шымкент қала­сы­ның батысында, Темірлан тас жолы бо­йында орналасқан. Жалпы аумағы 2,69 га құрайды, ал ғимарат сол аумақтың 8516 шаршы метріне орналасқан. Ғима­рат­тың сыйымдылығы 3000 адам. Жалпы мешіт құрылысына 1 млрд 622 млн теңге қаржы жұмсалған. Қаржы толығымен қайырым­дылық қоры есебінен жүргізілген. Бүгінгі таңда мешіт құрылысы толығымен аяқтал­ды. Құрылысты жүргізген мердігер – «Эрис­тайл Қазақстан» ЖШС-і.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста