Шымбұлаққа көз тіккен кім? Жер дауы сотта жалғасуда

Шымбұлаққа көз тіккен кім? Жер дауы сотта жалғасуда

Алматы сотында "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты орналасқан жер туралы дау жалғасуда. Аумақтың үлкендігі шамамен 6 га. Іле-Алатау ұлттық паркі мегаполис әкімдігі мен шаңғы базасына қарсы сотқа арызданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

Бұл ретте әкім Бақытжан Сағынтаев бұған дейін премьер-министрге Шымбұлақ жерлерін ерекше қорғалатын аумақ санатынан шығару туралы өтінішпен жүгінген болатын. Сонымен, шенеуніктер мың бояулы өлкеге қандай жоспар құрып отыр?!

 
"Шымбұлақ" ел аумағынан тыс жерлерде кең танымал және қаланың айрықша белгісі болып табылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев премьер-министр Асқар Маминге жолдауында тау шаңғысы курортының жер учаскелерін Экология министрлігі жанындағы комиссияның қарауына беру туралы мәселені шешуді сұраған. Енді Іле-Алатау саябағының апелляциялық шағымы Алматыдағы бірінші сатылы сотта қаралуда. 

Бастапқыда ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын жер Іле-Алатау ұлттық паркіне тиесілі болған. 2002 жылы Президенттің жарлығы негізінде Алматы облысының Қарасай және Талғар аудандарының жерлерінің бір бөлігі Алматы қаласының аумағына берілді. 2007 жылы мегаполис әкімдігі спорт кешенін пайдалану және күтіп-ұстау үшін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына 49 жылға алты гектарға жуық аумақ берді. Ұлттық саябақ бұл туралы жерге орналастыру жобасын жасап, мемлекеттік сертификат алған 2018 жылы ғана білген. Енді қалалық әкімдік пен Іле-Алатау ұлттық паркі алты гектарға жуық жердің иесі кім екенін сот арқылы анықтауға тырысуда.

"Олар президент жарлығына, ал біз үкімет қаулысына иек артып сөйлейміз. Ерекше қорғалатын жерлерге билік ету құқығы тек үкіметтің құзыретіне жатады. Егер жерлер берілмеген болса, жергілікті атқарушы орган оларға билік ете алмайды. Менің ойымша, бұл Алматы қаласы әкімдігі тарапынан дұрыс түсіндірілмеген жер қатынастары бөлімінің қателігі" ,-дейді Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің заңгері Сұлтан Қожанов.

Алматы әкімдігінің қызметкерлері бұл жағдай туризмді дамытуға көмектесетініне сенімді. Алайда "Жасыл жәрдем" экологиялық коғамының төрағасы Сергей Курпатов басты мәселе туризмді дамытуда ғана емес жасыл табиғат пен жануарларды құтқару да алдыңғы қатарда болуы керек деп санайды.

"Жасыл жәрдем" экологиялық коғамының төрағасы Сергей Курпатовтың айтуынша онда қаланы таза сумен және ауамен, демалыс ресурстарымен қамтамасыз ететін ормандар, өзендер, шөптер, гүлдер болуы керек. 

"Әкімдік, өкінішке орай, бұл аумақты тек белгілі бір кіріс, пайда алуға, курорт салуға немесе басқа нәрсеге қол жеткізуге болатын нысан ретінде қарастырып отыр. Біз ұлттық парктің қоршаған ортаны тұрақтандыру үшін, қала үшін маңыздылығын әкімдік тарапынан түсінбеушіліктен туындайды деп ойлаймыз" ,-дейді Сергей.

Іле-Алатау ұлттық паркі соттан мемлекеттік куәліктің күшін жоюды талап етеді. Келесі сот отырысы 6 тамызда өтеді. Және сол күні сот өз шешімін шығарады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста