Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ.Тұрдиевтің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Жарлық 2021 жылы 17 қазанда күшіне енеді және ол ресми түрде күшін жойғанға дейін қолданыста болады. Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар.
Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 19,5%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,971.
Осы орайда, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.