ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Мақсат Қожабаев Жамбыл облысына сапары барысында таныстырды.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия ұсынысымен Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып Жылқыбаев Болат Нұрғазыұлы тағайындалды.
Мақсат Қожабаев Antikor ortalyǵy сервис орталығында болып, агенттіктің аумақтық бөлімшесінің қызметімен танысты.
Болат Жылқыбаев бұған дейін агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы лауазымын атқарды.
Еңбек жолын полиция органында 1996 жылы бастады.
2012 жылдан бастап қаржы полициясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылымында қызмет етті.