Сүр бойдақтар мемлекеттік мәселеге айналғанын біле ме?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Күні кеше еліміздің халық қалаулылары республикамызда жас шамасы 30-дан асып кетсе де, отбасын құрмай жалғызілікті жүрген азаматтардың қатары көбейіп кеткенін, тіпті олардың 80 пайызының алдағы бесжылдықта үй болуды жоспарлап та қоймағандарын, сондықтан бойдақтар мәселесіне байыпты қарау қажеттігін қаузады.
Бұған қатысты жиылған түйт­кіл­дер­ді әбден зерттеп, зерделеп алған Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиев «қажет болса, «үйленемін» деген бой­дақтарға мемлекет тарапынан көмек ретінде 300 мың теңге көле­мін­де сыйақы беру керек» деп те салды. Халық қалаулысы Әлиев мыр­заның пайымдауынша, елімізде жасы 30-ды ордаласа да, үйленбей жүрген бойдақтардың саны 1 млн-ға жеткен. Олардың дені үйленуге жағ­дайы­ның жоқтығына, жұмыс­сыз­ды­ғы­на, табы­сы­ның аздығына бай­ла­ныс­­ты отба­сын құрғысы кел­­­­мейтіндіктерін ашық айтқан. Міне, осыған байланысты халық қалаулысы «бұл мәселелерден сырт айналып өтпей, оларды бір-бір үй ету үшін мемлекет тарапынан кем дегенде 300 мың теңгедей сыйақы ұсынсақ, олардың азды-кемді жоқ-жітігін жамар едік» дейді. Осылайша бойдақтар мәселесі үкіметтік дең­гей­де көтеріліп жатқанына еліміздің де­мо­графтар қауымы қуа­нып та қалды. Десек те, демографтарымыздың байып­­тауын­ша, бойдақтардың жайын бір мұны­мен шеше алма­сы­мыз анық.
Сыйақы орнына салық ұсыну...
Бұл мәселені тарқатуда еліміздің бас демограф ғалымы Мақаш Тәтім­нің өзіндік ұстанары бар. Маманның пайымдауынша, «үйленді екен» деп зіңгіттей азаматқа мемлекеттік сыйақы ұсыну жөн емес. Керісінше, біз елдегі жалғыз жүрген азамат­тар­дың «бір басын екеу етеміз» десек, кеңес зама­нын­дағыдай бойдақ салы­ғын қайта ен­гізгеніміз жөн.

                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Мақаш ТӘТІМ, демограф:
– Бойдақ салығын салу жүйесі соғыстан кейінгі жылдары жүзеге асты. Ол жылдары 22 жасқа толғаннан кейін әрбір әйел баласы тұрмысқа шықпаса, бойдақ салы­ғын төлеген. Ал 25-тен әрі қарай ер-азаматтар отбасын құрмаса, бала өсірмесе, осы салықты тө­леуге мәж­бүр болды. Сондай-ақ бұл салық балалары болмаған жағ­дайда әйел адамға 40 жасқа дейін, еркектерге 50 жасқа дейін салынып отырған. Осы са­лық­тың соғыс­тан кейінгі демо­гра­фиялық әлеуеті­мізді кө­те­руге әжеп­тәуір ықпалы да тиді. Осылай салық салу арқылы біз от­ба­сын құрмай, 30-дан асқанша «сүр бойдақ» ата­нып, құр босқа жүрген жігіттердің жа­уап­кершілігін арттырар едік. Әрине, бой­дақ са­лығы дегенде асы­ра­сіл­теу­шілік те болмағаны жөн. Мысалы, ай са­йын 50 мың теңге ала­тын ер-азаматтарға 1000 теңге бой­дақ салығы салынса, же­тіп жатыр. Сол тәрізді айлық жалақысы 30 мың тең­генің айналасында болатын­дар 500 теңге салық төлесе де бо­лады. Ал осындай әдіспен жиналған са­­лықты көпбалалы аналарға, әлеу­мет­тік жағдайы төмен отбасыларға жәр­­дем­ақы ретінде төлеп отырса, бұл да әді­летті бөлініс болар еді. Сондықтан бұл ретте айтарым, бойдақ салығын қайта жаңғырту арқылы демографиялық өсімді арттыруға болады.
Расымен де, бойдақ салығының КСРО тәжірибесі екені бізге белгілі. Кезінде бұл салық бойынша 20-50 жас аралығындағы баласы жоқ еркектер, 20-40 жас ара­лы­ғын­дағы тұрмысқа шықпаған әйелдер жалақысының 6 пайызын мемлекетке аударуға тиіс болатын. Ол кездері айлығы 50 сомнан аспайтын азаматтардан салық алынған жоқ. Сондай-ақ денсаулығына байланысты балалы болмайтындар да бойдақ салығынан босатылды. Кеңес Ода­ғы­ның батырлары, әскери қызметтегілер мен олардың отбасына да жеңілдік берілді. Бұл кеңестік кезеңдегі жағдай болса, қазір­де бұл салық түрі біршама өркениетті елдерде де енгізіліпті.
Қиын да емес, оңай да емес үйлену
Жалпы, біздегі бойдақтарды отбасын құруға алаңдататын негізгі дүниенің бірі бұл – әлеуметтік мәселе. Осыларды жіпке тізіп, таразылап жүрген сарап­ш­ы­ла­ры­мыз­дың дені «жастардың біразы жұмыссыз. Бойдақ салығын қайта түлеткенде біз оларды кімдерге саламыз? Ал 300 мың теңгелік сыйақы жастардың қай кем-кетігін түгендейді» деседі. Рас, қазір жастардың көпшілігінің «жұмыс мәселесін қайтемін, үй­лі-баранды болсам, бала-ша­ғам­ды асырай аламын ба? Басымда бас­па­нам да жоқ, үйленген күннің өзінде қай­да барып тұрақ табамыз?» деген ой­­­дың жетегінде жүр­генін де мойындағанымыз жөн. Мұн­дай­да бізге мемлекеттік деңгейде жас­тар­ды баспанамен қамтуды, олардың әлеу­меттік мәселелерін бақылауды, жұмыс­пен қамтуды үйлестіретін кезеңнің әлде­қашан жеткенін айтып жатудың өзі артық.
Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист-сарапшы:
– Қазіргі жастардың ең өзекті проб­ле­масы баспана екені белгілі. Кеңестік кезең­нің бір оңтайлы жері жас отба­сы­ларды жатақ­ханамен қамту, жұмыс орындары арқылы баспанамен қамту, отбасын құр­ғысы келіп, үйлене қалған жағдайда кәсіп­одақтық көмек беру тәрізді жұмыстар ол кездері жақсы жүйеленді. Өкінішке қарай, қазір мұның бірі де жоқ. Жастарға үйлену қиын емес, әлеуметтік, отбасылық мәсе­ле­лерді шешіп, үй болу өте қиын. Себебі біздің елімізде «Жас отба­сы­лар­ды қолдау қоры» деген атымен жоқ. Меніңше, жо­ға­ры­да мамандар сөз етіп отырғандай, бой­дақ салығын қайта түлету керек. Бұл жүйені сауатты қалпына келтіреміз десек, бойдақ салығын алатын арнайы мемлекеттік қор құрылуы керек және сол қорға салынатын салық жинақталып отырғаны жөн. Кәдімгі өзіміздің зейнеткерлікке жинақтаған тәрізді. Жастарымыз да отбасын құруға салық төлеу арқылы қаржы жинауы керек. Осылайша жастардың тапқан табысының 10 пайызын міндетті жарна етіп аталмыш қорға жинап отырсақ, біраз жылдың көлемінде қомақты қаржы да жиналуы мүмкін. Міне, сол қаржыны отбасын құрарда жинаған адамның қолына ұстатып, бір кем дүниесін түгендеуіне осылай ықпал еткен жөн.

Салық несиені ысыра ала ма?
Негізінде, бойдақтарға 10 пайыздық жарна жинатып, қор жинауды біршама мамандар қолдап отыр. Мәселен, саясаттанушы Әзімбай Ғали «бойдақ салығын салу үшін мынадай екі бағытты ұстанған жөн» дейді. Оның біріншісі – жұмыс беруші арқылы бойдақ салығын міндеттеп салу қажет. Екінші, ынталандыру шарасын жүргізу арқылы да салық салуға болады. Бұл жүйеде «орташа есеппен 5 жылда бойдақ адам салық төлеу арқылы 500 мың жинаса, мемлекет оған отбасын құрарда 30 пайыз үстеме қосып, қосымша 150 мың сыйақы ұсынады» деген әдісті қолдануға болады. Жалпы, бұлайша қор жинау біршама елдердің тәжірибесінде барын біз жоғарыда сөз еттік. Мамандар «салық төлеу арқылы жинаған қаржы отбасын құратын кезде көмек болары сөзсіз. Осы әдіспен қор жинауға халықты дағдыландырсақ, бұл қомақты несие алып, батпандай қарызға батып той жасап, артынша оны төлей алмай, жылап-еңіреп жүретін қазақтың тұрмысын жеңілдетер еді» деседі. Қалай десек те, қазақтың азаматы 30-ында орда бұзып, жеке отауын тіккені орынды емес пе? Олай болса, бұған қатысты айтылған ұсыныстарды тиісті орындар ескерер деген үміттеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста